» » » «ҚҰРМЕТ» ордені – өнерге құрмет

«ҚҰРМЕТ» ордені – өнерге құрмет

Сұңғақ бойлы, жылы жүзді, мінезі биязы, көздерінен жанының мейірімі төгіліп тұратын осы бір аққұба қызбен ара-тұра көшеде кездесіп қалғанда оның болмысынан қазақтың әу бастағы қалпын көргендей боламын. Тал бойына қазақ қызына тән әдеп-ибаның бәрін жиған Самалдың есімі бүгінде Сыр жұртшылығына ғана емес, бүкіл елімізге, соның ішінде өнер сүйер қауымға жақсы таныс.

Жерлесіміз, Жалағаш ауданы, Мәдениет ауылында туып-өскен Самал Байсейтова 1995-1999 жылдар аралығында Қызылорда музыкалық училищесінің "Ән салу" бөлімінде білім алып, үздік дипломмен бітірді. Ал, 2000 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының "Жеке ән салу" кафедрасына түсті. Бұл жерде ол КСРО Халық әртісі, қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегеновадан дәріс алып, 2004 жылы аталған оқу орнын үздік дипломмен аяқтады. 2007 жылы туған жеріне қайта оралып, Қазанғап атындағы музыкалық колледждің "Ән салу" бөліміне оқытушы болып орналасты. Сондай-ақ, қазірде Тұрмағанбет атындағы халық аспаптар оркестрінің солисті. Сыр елінде жүріп-ақ, алыс-жақын шет елдерге гастрольдық сапарлармен шығып жүрген Самалдың өнер жолындағы жанкешті еңбегі мен қоғамдық істерде белсенділігі елеусіз қалған жоқ, көптеген мемлекеттік марапаттарға ие болды. Сыр бұлбұлының ән қорындағы өзінің кең диапазонды дауысына лайықталған шетел, қазақ композиторларының романстары және халық әндері талғамы таза тыңдарманды тәнті етіп келеді.
Жуырда ғана Самал Жанасылқызы Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденін кеудесіне тақты. Біз мұны өнер иесіне тек Сыр мәдениетінің дамуына сіңірген еңбегі мен жалпы қазақ руханиятына қосқан үлесі үшін ғана берілген марапат емес, сонымен бірге Самалдың нағыз қазақ қызына тән әдеп-ибасымен, бойындағы адами асыл қасиеттері арқылы өз саласынан бөлек қоғамдағы қандай да бір игілікті істерге елжандылықпен атсалысып, өзінен кейінгі қазақ қыздарына өнеге көрсетіп, үлгі болып келе жатқан бекзат болмысына берілген лайықты баға деп білеміз.
Қуат АДИС.

20 қаңтар 2018 ж. 1 667 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031