Тұлға рухына тағзым
Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдығына орай қайраткер атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы «Рухқа тағзым» атты концерт өткізді.
Өткен ғасырдың отызыншы жылдары «Темір-Нарком» атанған Т.Жүргеновтің есімі бүгінде иісі қазаққа етене таныс. Ол – Қазақстан мен Орта Азия республикаларындағы оқу-ағарту, мәдениет және әдебиет саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, сыншы-көсемсөзші. Биыл Алаштың асыл азаматының туғанына 120 жыл толып отыр. Осыған орай, ұйымдастырылған кешке көрермен көп жиылды.
Театрға жиылған көрермен алдымен, академияда оқитын және еңбек ететін жерлестеріміздің қолөнер бұйымдары мен картиналарын, дизайнер Сәуле Бапанованың коллекциясынан көрме-дефиленін тамашалады. Ал, театр залында Қазақстан мен Орта Азияға ортақ тұлға, оқу-ағарту ісінің жанашыры Т.Жүргеновтің өмір жолынан сыр шертетін фильм көрсетілді.
Концертті «Алатау» этно-фольклорлық ансамблі «Жаймақоңыр», «Атилла» күйлерімен ашып, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның мәдениет қайраткері Нұржан Жанпейісов, академия оқытушысы Шолпан Даржанова мен студенттері Диас Мұратхан, Данияр Рақымбай дәстүрлі әннен шашу шашты.
Өнерпаздар көшін бастап келген академия ректорының уақытша міндетін атқарушы, саяси ғылымдар докторы, профессор Шәріпбек Әмірбеков өз кезегінде Т.Жүргеновтің қазақ мәдениеті, әдебиеті мен өнерін дамытудағы еңбегі туралы айтып, тұлға рухына тағзым ету – ұрпақ парызы екенін жеткізді.
– Шараны ұйымдастырудағы мақсат – елге қызмет жасау жолында адалдықтан айнымаған азаматты еске алу және оның болмысын, еңбегін жастарға үлгі ғып көрсету, – дей келе, ол «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаевқа қазақтың ұлттық аспабы қобызды сыйға тартты.
Концертте академияның талантты шәкірттерімен бірге, Қазақстанның халық әртісі Лаки Кесоглу, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова өнер көрсетіп, көпшіліктің көңілін сергітті.
«ЖЖ» ақпарат.