» » Дүйім жұртты тебіренткен қойылым

Дүйім жұртты тебіренткен қойылым


Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Рахымжан Отарбаевтың «Нарком Жүргенов»
пьеса­­­­­­­­­сын Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма
театры ұжымы сахналады. Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің ел үшін еткен еңбегі арқау болған танымал туынды осыған дейін де көрерменнің оң бағасына ие болған еді.


Пьеса алдымен қайраткердің елге оралып, ілкімді істерді қолға алуымен басталды. Шығармада Т.Жүргеновтің әсіресе, білім, мәдениет сияқты бірқатар салалар­ды дамытуға деген ынталылығы анық бай­қалады. Мәскеуге барар сапарының да негізгі мақсаты осы болатын. Алдымен Ғабит Мүсіреповке қолқа салып, оның жазған дү­ниесін Мәскеуде сахналауды көздеді.
Театр ұжымы қайраткердің қиын кезеңдегі жай-күйін және сол шақтағы қоғамды көрерменге нақ жеткізе білді. Бас кейіпкер әлгі сапар барысында да батыстан енген ашықтықтан өзіміздің ұлттық киімдерімізді насихаттауды жөн көреді. Қазақты үлкен шыңға шығарудың тиімді жолы – білім сала­сын ілгерілету деп түсінген нарком елге оралған бойда, осы саланың дамуына ай­тар­лықтай үлес қосады. Тіпті, елдегі қазақ мек­тептерінің көптеп бой көтеруіне де белсене атсалысты.
Шығарманың шарықтау шегі де орта тұсы болатын. Сахна саңлақтары бұл тұста да мүдірген жоқ. Сол кезеңде қазақтың қаншама зиялы қауым өкілінің «Халық жауы» деген жалған жаланың құрбаны болғанына көрерменнің көзін жеткізді. Көпшілік сұм сая­саттан теперіш көрген олардың тағдырына қын­жылды.
Қойылым Ғабит Мүсірепов пен Темірбек Жүргеновтің екеуара әңгімесінен бас­тау алған еді. Соңын да қос тұлға бірге тә­мам­дады. Нарком ендігі жерде қазақтың келешегі үшін біреуінің амандығын тілесе, енді бірі тұтас ұлтына деген өкпесін ақтарды. Қос тұлға қоштасты, бірі атылды. Шығарма да осымен тәмам.
Туындының әр бөлімін көрерменге сол қалпында жеткізуді көздеген өнер­паздар өз мақсаттарына жетті. Бұл сө­зімізді қойылым соңында оларға деген көрерменнің ыстық ықыласы қуаттай түсті. Бас кейіпкерді сомдаған Сырым Әбіразақов та бұл рөлдің салмағымен қатар, жауапкершілігі де оңайға соқпа­ғанын айтады.
– Шығарманы ойдағыдай сахна­ла­дық. Алайда, бағасын біз емес, халық береді. Бұл туындының ішінде мен Темір­­бек Жүргеновтің рөлін сомдадым.­ Әдетте тарихи тұлғаларды сомдау қай әртіске де оңайға соқпайды. Себебі, ондай тұлғаларды сомдау кез келген туындыдағы басты кейіпкердің рөлінде ойнаудан да ауыр. Танымал тұлғаларды сахналауда әртісте жауапкершілік көп болады. Себебі, мұндай азаматтардың жанашыры – жалпы халық. Көптің көңілінен шығу үшін біз де барымызды саламыз. Бұл шығармаға да тыңғылықты дайындықпен келдік. Нәтиже де жаман болған жоқ. Алайда, сөзімнің басында айтып өткендей, бағасын халық береді, – дейді Сырым Әбдіразақов.
Театр өнерпазының сөзінше, расында бұл рөлді алу әртіске оңайға соқпаған. Ол осыған дейін бұл шығармадан бөлек Т.Жүргенов жайында еңбектерді көптеп оқи бастады. Міне, өнерге деген адалдық, тұлғаға деген құрмет. Бас кейіпкерге де, театрдың басқа да ұжымына көрермен дән риза. Қойылым соңында аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов та сахнаға шығып, аудан тұрғындарының атынан өнерпаздарға деген ризашылығын білдіріп, аудан әкімінің алғыс хатын­ табыстады. Ал, ҚР Еңбек сіңірген қай­рат­кері, «Құрмет» орденінің иегері, қоюшы режиссер Құсейін Әмір-Темір көрерменді мерейтоймен құттықтап, театрдың алдағы жоспарымен бөлісті.

К.БАЛҒАБАЙ.

20 қазан 2018 ж. 811 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930