ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ІЗГІЛІКТІҢ БАСТАУЫ
Қазақ халқына тән асыл қасиеттің бірі – қайырымдылық. Қайырымды болу – ізгіліктің бастауы, адам жанының нұры. Жақсылықта жарысуды мақсат еткен №115 негізгі мектеп ұжымы ақпан айының алғашқы онкүндігін қайырымдылық акциясына арнады. Акцияның негізгі мақсаты – көпбалалы отбасылардың балаларына аз да болса қуаныш сыйлау. Осы тұста игі шараның өтуіне бастамашы болған Дархан Ілиясов және Салтанат Айнабаева есімді жеке кәсіпкерлерді атап кеткенді жөн көріп отырмын.
Айта кетейік, айтулы науқан барысында көпбалалы отбасылардың оқушыларына маусымдық киімдер табысталды. Балаға қуаныш сыйлауды бақыт деп санайтын дана халықтың ұрпағымыз. Бүгінгі бала – ертеңгі болашақ иесі. Ендеше, балаларға бақыт сыйлауға бірге атсалысайық!
Салтанат Манасбаева,
№115 негізгі мектеп педагог-психологы.