"Кішкентай ит өлгенше күшік болады": Жеңіс Ысқақова белгілі әзілкештің бойының қысқалығы туралы
Жеңіс Ысқақова белгілі әзілкештің бойының қысқалығы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Жеңіс шоу" бағдарламасына сілтеме жасап.
Белгілі әнші өзінің балалық бейнесімен көзге түскен Нұрсұлтан Жақсыгеннің бойының қысқалығы туралы пікірін айтып, оны Сейфуллин Жолбарысқа ұқсатқан. Жеңіс Ысқақованың айтуынша бойы кішкентай, бала бейнесін сақтап қалған адамдар қиыдықты жақсы қабылдап, оны шешудің оңтайлы жолын тез табатын көрінеді. Осылайша әнші актердің бенесіне қатысты ойын жеткізген."Сейфуллин Жолбарыс деген ағаң бар. Екеуіңнің бойларың бірдей. Ол да ешқашан ренжімейді. Қиындықты да әзіл ретінде қабылдайды. Орыстарда "Кішкентай ит өлгенше күшік болады" деген бір жаман мақал бар. Мен оны Сейфуллин Жолбарысқа да айтамын. Сол сияқты біз бәріміз сені кішкентай көреміз", - дейді Жеңіс Ысқақова.
Бұл сөздерді естіген Нұрсұлтан Жақсыген күлкіге қарық болып, адамдардың өзін үнемі мектеп оқушысы екен деп ойлап қалатынын айтты. Бүгінде 27 жасты алқымдаған Нұрсұлтан Жақсыген бір отбасының отағасы. Алайда, ол бала бейнесін жоғалтқысы келмейді. Керісінше оны жақсылыққа балап, көңілінің жас екенін айтады ол.
"Кейбіреулер нешінші сынып оқисың деп жазып жатады. 18 жасқа енді толып жатқан шығарсың дейіді бәрі. Өзімнің жас көрінетініме қуанамын. Өйткені көңіл жас шығар. Жаман нәрсені ойламаймын. Өмір қысқа кімге ренжи береміз. Бұл Алматыға келіп өскенім ғой", - дейді Нұрсұлтан Жақсыген.
https://stan.kz