» » Назарбаев: Бейбіт ел болсақ та, сұрапыл соғысты ұмытқан жоқпыз

Назарбаев: Бейбіт ел болсақ та, сұрапыл соғысты ұмытқан жоқпыз

Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасы өз сөзінде соғысқа аттанған 1,8 миллион адамның жартысы қаза тапқанын еске салды. Сонымен қатар 500-ге жуық қазақстандықтың Кеңес Одағының Батыры атанғанын атап өтті.
«Ата-бабаларымыз соғыста отанымызды, біздің тыныштығымызды, ашық аспанымызды қорғап, кескілескен шайқаста от кешіп, кеудесін оққа тосты. Олар нағыз ерлік, қаһармандық танытты.
Өскелең ұрпаққа ата-бабамыздың ерлігі мен  жанкештілігін көрсету үшін, Жеңіс күнін тойлау қажет. Елімізде тұрақтылық, достық орта, өзара түсіністік пен бауырмалдықты қалыптастыру арқылы тәуелсіз мемлекетімізді құрып келеміз. Бұл – болашақтағы жетістіктеріміздің негізі. Біз қаншалықты бейбіт ел болсақ та, сұрапыл соғысты ұмытқан жоқпыз», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар мемлекет басшысы қан майданда кеудесін оққа тосып, отанын қорғаған ардагерлерге алғыс білдірді.

«Сіздер біраз жасқа келіп қалдыңыздар. Өмірде көргендеріңіз көп. Қатарларыңыз жыл өткен сайын сиреп жатқаны жүрегімізге қаяу түсіреді. Біздер, яғни сіздердің балаларыңыз, немерелеріңіз сіздер барда өзімізді баянды сезінудеміз. Батырлықтарыңыз бен ерліктеріңізден күш-қуат ала отырып, өз жерімізді сүюді, патриот болуды, сондай-ақ отанымыз Қазақстан үшін қанымызды қиюды үйреніп келеміз!
Қымбатты достар, сіздерді бүгінгі Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймын!», – дейді Елбасы.
09 мамыр 2018 ж. 767 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930