Ұлы жеңіс тарихы ел жадында жаңғырды
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында адамзат баласы өткенге ой жіберіп, ата-бабаларының майдан даласындағы ерлігін еске түсіреді. Сұрапыл соғыста қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, елге оралған майдангерлерге тағзым етеді. Биыл да Ұлы Жеңістің 73 жылдығы мерекесіне жұртшылық көп жиналды. Бір-бірін Жеңіс күнімен құттықтап, жалағаштық жауынгерлерді еске алды.
Аудан тұрғындарының қатысуымен өткен шарада жеңісті жақындатқан жауынгерлердің ерліктерін паш еткен қойылым сахналанды. Алдымен, аудан әкімі мен бір топ еңбек және тыл ардагерлері орталық алаңда орналасқан «Ер есімі – ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысынан оралмаған боздақтардың рухына құран бағыштады.
Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев өңір тұрғындарын Ұлы Жеңістің 73 жылдығы мерекесімен құттықтап, елге бейбітшілік, береке-бірлік тіледі.
– Өткен ғасырда дүниені дүр сілкіндірген, халқымызға қайғы-қасірет әкелген Ұлы Отан соғысы тарих бетінде өшпестей жазылып қалғаны анық. Сол сұрапыл соғыста Кеңес әскерлерімен бірге Қазақстан жауынгерлері де ерен ерлік үлгісін танытып, Отанын қорғады. Оның ішінде Жалағаш ауданынан майданға аттанған үш мыңнан аса азаматтың үштен бірі ғана аман-есен елге оралса, қалғандары жау оғынан ажал құшып, майдан даласында қалды. Бірақ, олардың Отан қорғау жолындағы ерліктері мен өмір жолдары – кейінгі ұрпаққа мәңгілік мұра, тарихымызға тағылым. Отан үшін оққа ұшып, қыршын кеткен боздақтардың рухына тағзым етіліп, сұрапыл жылдардың куәгерлеріне құрмет көрсетіле бермек. Елімізге тыныштық, отбастарыңызға амандық, баянды бақыт тілеймін, – деді аудан басшысы.
Мұнан соң өткен ғасырдағы сұрапыл соғыс жылдарынан театрландырылған қойылым көрсетілді. Көпшіліктің назарын өзіне аударған қойылым желісі былай суреттелді. Мамыражай жатқан елге радио арқылы суық хабар таралып, сол уақыттан бастап қазақтың қара домалақ балалары мен қаракөз қыздары қолдарына қару алып, Отанды қорғау үшін майдан даласына аттанды. 1418 күнге созылған, 120 миллионға жуық адамға солдат шинелін кигізген мұндай соғыс адамзат тарихында бұрын-соңды болмапты. Бұл сұрапыл майданда қаншама миллион адамның өмірі қыршынынан қиылды. Осынау қанды қырғынға Қазақстаннан 1 млн 400 мыңға жуық адам қатысты.
Соғыс жылдарында Қазақстан тылында жеңісті жақындату үшін еселі еңбек етіп жүрген еңбекшілер майданға көмек ретінде 1600 вагон азық-түлік пен жылы киімдер жіберді. Жауға атылған 10 оқтың 9-ы Қазақстан қорғасынынан жасалды. Соғыс жылдарында аналар аянбай еңбек етіп, олар өз жарларының, балаларының, немерелерінің қанды майданнан аман-сау оралуын тілеп, елдегі еңкейген қарттар мен еңбектеген балаларға басшы бола білді.
Бұл алапат соғыс 1945 жылы аяқталып, көктемде Жеңіс туы тігілді. Осылайша 4 жылға созылған қан төгісте рухы биік қазақ жауынгерлері ерлік, батырлық, батылдық танытып, Отанға, туған елге деген сүйіспеншіліктің озық үлгісін көрсетті. Міне, осындай желіде өрбіген қойылымды шеберлікпен орындап шыққан жергілікті өнерпаздар мен білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне көпшіліктің қошеметі толассыз соғылып жатты.
Шара соңында Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық ән шырқап, концерттік бағдарлама ұсынды.

Н.ҚАЗБЕКОВ,
М.АХМЕТОВ (сурет).