Әскери-патриоттық үйірмелердің ХІІ аудандық слеті өтті

Салтанатты шара орталық алаңда мектептердегі әскери-патриоттық клуб мүшелерінің қатысуымен өткен саптық байқауға ұласты. Жыл сайын дәстүрлі түрде отансүйгіштікке тәрбиелеу, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру мақсатында өткізілетін саптық байқаулардың жоғары патриоттық сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімді қалыптастырудағы маңыздылығына тоқталған аудан әкімі Қ.Әубәкірұлы, салтанатқа қатысушыларды, сарбаздарды айтулы мерекемен құттықтады. 4 кезеңнен өткен байқау нәтижесінде І орынды №31 мектеп-лицей, ІІ орынды №246 орта мектеп, №116 орта мектептер өзара бөліссе, жүлделі ІІІ орын №123 мектеп-лицейдің қанжығасына байланды. Байқауға қатысушылар арнайы дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.
Пікір 2