» » Жалағаш жұртшылығы ынтымақ пен бірлік күнін сән-салтанатпен атап өтті

Жалағаш жұртшылығы ынтымақ пен бірлік күнін сән-салтанатпен атап өтті


Әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесіне айналған 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні ауданымызда 1500-нан астам адамдардың қатысуымен өткен мерекелік шеруден бастау алды. 
Шеруді еңбек ардагерлері, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, мәслихат депутаттары, өңірдің құрметті азаматтары, өзге ұлт өкілдері бастады. Шеруге қатысқан әрбір еңбек ұжымының жетістіктері, көрсеткіштері барша қауымға таныстырылды.
Орталық алаңға жиылған аудан халқын өңір басшысы Қ.Сәрсенбаев айтулы мерекемен құттықтап, бірлігі мен берекесі ұйысқан, ортақ мүддеге тоғысқан жалағаштықтарға ақ тілеу, терең алғысы мен құрметін білдірді. 
Аудан жұртшылығына мәдениет үйінің көркемөнерпаздары театрландырылған қойылым мен концерттік бағдарлама ұсынып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Ән мен би, сән мен салтанат, салт пен дәстүр қатар өріліп, халық достығының көрінісі айқын көрінді.
01 мамыр 2018 ж. 1 146 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 256

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031