» » НҰР СЕБЕЛЕ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

НҰР СЕБЕЛЕ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

Наурыздың 14 жұлдызынан бастау алған Әз Наурыз мерекесі ауданымызда бүгін «Нұр себеле, әз-Наурыз»» атты Ұлыстың Ұлы күніне арналған дүбірлі тойға ұласты. Орталық алаңда қаз-қатар тігілген ақ шаңқан киіз үйлер ұлттық нақышта безендіріліп, қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетіліп, киіз үйлер аясында ән мен күй әуелеп, ізгі тілек пен ақ бата қанаттана көтерілді. Аудан тұрғындарына арналып дастархан жайылды, Наурыз көже таратылды. Аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы жаңа күннен жаңа үміт күткен, жақсылыққа жаны құмар жалағаштықтарға жаңа тыныс ала келген Наурыз мерекесімен аудан халқын құттықтап, жылымыздың ырысы артық, ырзығы мол болуына тілектестігін білдірді. Театрландырылған көріністен бастау алған ұлық мереке, күміс көмей әншілердің, күйшілер мен мың бұралған бишілердің өнерлерімен жалғасты. Мереке қарсаңында ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізіліп, білегі мықты палуандар мен тас көтерер толағайлар арасынан жүйріктері анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
25 наурыз 2018 ж. 1 291 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 723

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031