» » АҚ ШАҢҚАН КИІЗ ҮЙЛЕР ТІГІЛДІ

АҚ ШАҢҚАН КИІЗ ҮЙЛЕР ТІГІЛДІ

Орталық алаңда «Денсаулық үйі», «Кәсіпкерлер үйі», «Ұзақ Еспанов үйі», «Темірбек Жүргенов үйі», «Еңбекшілер үйі», «Құрылысшылар үйі», «Қаржыгерлер үйі», «Саятшылар үйі», «Спортшылар үйі», «Достық үйі» атты ақ шаңқан киіз үйлер тігілді. Киіз үйлердің аясында қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетіліп, ән мен күй әуелеп, ізгі тілек пен ақ бата қанаттана көтерілді. Атап айтқанда, «Денсаулық үйі» арнау айтып, қазақтың сал-серілерінің бейнесін көрсететін көрініс қойса, «Т.Жүргенов үйінде» тұсау кесер рәсімі өтті. Ал «Қаржыгерлер үйі» келін түсіріп, «Достық үйі» түрлі этнос өкілдерінің өнерлерін көпшіліктің назарына ұсынды.Сондай-ақ киіз үйлерде аудан тұрғындарына Ұлыстың ұлы күніне орай қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынып, Наурыз көжеден дәм татқызды.
22 наурыз 2018 ж. 1 108 0