Елбасы: Қарулы Күштеріміз – халқымыздың сенімді тірегі, мемлекеттің берік қалқаны
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтары Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқасілтеме жасап Stan.kz.
Мемлекет басшысы, ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен Жамбыл облысындағы «Отар» әскери базасында Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған дәстүрлі жауынгерлік парад басталды.
Елбасы қазақстандықтарды,ардагерлерді сардарлар мен сарбаздарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
«Құрметті, қазақстандықтар, ардагерлер, сардарлар мен сарбазда! Сіздерді бүгінгі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Батыр бабаларымыз ұлан-байтақ қазақ жерін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, Ұлы Даламызды бізге аманат етті.
Халқымызда «Ұранды елдің ұрпағы айбарлы келеді» деген сөз бар. Бүгінгі айбынды әскерлеріміз зор міндетін атқарып, елдің тыныштығы сақтап, еліміздің Тәуелсіздігінің қорғаны болып жүр. Жауынгерлеріміздің жүгі ауыр болғанымен, олар абыройлы борыш, қастерлі парызын өтеуде. Біздің Қарулы Күштеріміз – еліміздің сенімді тірегі, мемлекеттің берік қалқаны», – дейді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кетсек, аталған парадқа қатысатын 3 мыңнан астам сарбаз жіті дайындықтан өткен.
«Отар» әскери базасының аумағында арнайы көрме ұйымдастырылған. Онда соңғы үлгідегі әскери технологиялар көпшілік назарына ұсынылған.
Аталған парадқа 40 шақты авиация техникасы, 300-ден аса әскери техника қатыстырылатын болады.