Елбасы қазақстандықтарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.
«Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1 мамыр мерекесі – отаншылдығымыздың, туған жерге деген сүйіспеншілігіміз бен адалдығымыздың жарқын символы. Біз бірлік пен келісімнің арқасында біз тәуелсіз мемлекет қалыптастырдық. Сондай-ақ, зор жетістіктерге жетіп, әлемге танылып, биік беделге ие болып отырмыз.
Еліміздің үйлесімді әрі орнықты дамуының негізгі факторы – бірлік пен келісімнің маңыздылығын толық ұғыну», – дейді Елбасы.
Сонымен қатар Елбасы бірлік, достық және өзара сыйластық болған кезде ғана мемлекеттің мол байлық пен бақ-берекеге кенелетінін атап өтті.
«Біздің кең байтақ отанымыз бірлік, достық және өзара сыйластық болған кезде ғана мол байлық пен бақ-берекеге кенеледі. Бұл құндылықтар оғамымыздың дүниетанымын анықтап, одан әрі біріге және жұмыла түсуінің айқын бағдары болады.
Мемлекет өмірінің салаларының барлығында болып жатқан ауқымды жаңарулар арқылы жеңіске жету жолында бірлігіміз бен тұрақтылығымызды нығайтып, жаңа белестерді бағындыруға сеп болады деп сенемін.
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыс тілеймін!» – деп құттықтады Нұрсұлтан Назарбаев.
http://stan.kz

Пікір 2