» » Трамп не туралы сұрады: Назарбаев АҚШ президентімен не жөнінде сөйлескенін айтты

Трамп не туралы сұрады: Назарбаев АҚШ президентімен не жөнінде сөйлескенін айтты


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған шараға қатысып, АҚШ-қа сапары кезінде Дональд Трамптың не туралы сұрағанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Қаңтар айында жұмыс бабымен АҚШ-қа сапарладым. АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның қай елдермен жауласатынын сұрады. Мен біздің жауымыз жоқ екенін айттым. Барлық мемлекет бізді құрметтейді. Біз де оларды құрметтейміз», – дейді Елбасы.
Айта кетсек, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 16-18 қаңтарында ресми сапармен АҚШ-та болып, АҚШ перзиденті Дональд Трамппен кездесті. Сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатыстып, сөз сөйледі.


http://stan.kz
02 мамыр 2018 ж. 1 001 0