Елбасы Дональд Трамппен кездесу кезінде екі қағытпа айтып күлдірді
Елбасы Ақ үй басшысы Дональд Трамппен кездесуінің соңында екі қағытпа айтып үлгерді. Оның бірі Салық реформасына, екіншісі Трамптың тоғызыншы немересінің дүниеге келуімен байланысты болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Нұрсұлтан Назарбаев Ақ үй басшысы Дональд Трамппен кездесуінің соңында екі қағытпа айтты.
Елбасының сөзін барша жиналғандар қоштап, бір күліп алды. Дональд Трамптың өзі де Елбасына алғыс білдіріп, қол алысты.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Президентінің биылғы 16-18 қаңтарда Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен баратыны туралы хабарлаған болатынбыз. Онда Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланды. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа барған сәтінен видео жариялады. Елбасын Дональд Трамптың өзі қарсы алып, мұны үлкен мәртебеге балады.
Ақ үйде өткен кездесуде Назарбаев Қазақстан мен АҚШ арасында әрдайым екіжақты саяси қарым-қатынас орнағанын айтып өтті. Бұдан кейін Мемлекет басшысы АҚШ-тың іскер топтар өкілдері, АҚШ-тың энергетика министрі және «Шетелдік жеке инвестициялар жөніндегі Корпорация» мемлекеттік агенттігінің президентімен кездесті. Сапар соңында Назарбаев Трамппен жүргізген келіссөздің қорытындысы бойынша БАҚ үшін брифинг өткізді.
«Сіз салыққа қатысты бірегей реформа жүргіздіңіз. Бұл әрекетіңізді қолдаймын. Себебі, мен мұны осыдан 5 жыл бұрын өзім де жасаған болатынмын. (Күлді.) Қазақстанда корпоративтік салық – 20%, ал табыс салығы барлығы үшін – 10%. Мұнымен қатар, сізді президент болуыңыздың алғашқы жылымен құттықтаймын. Президент мырза, тоғызыншы немереңіздің дүниеге келуі де құтты болсын! Өткен жылы менің оныншы немерем дүние есігін ашқан болатын», - деп күлді Нұрсұлтан Назарбаев.