» » АҚШ-қа барған Назарбаевты Трамп өзі қарсы алды

АҚШ-қа барған Назарбаевты Трамп өзі қарсы алды


Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп Ақ үйде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.


Мемлекет басшысын Ақ үй басшысы қарсы алып, қол алысқан сәтін «Қазақстан» РТРК» АҚ басшысы Ерлан Қарин Фейсбуктегі парақшасында тікелей эфир арқылы көрсетті.



Сонымен қатар ол Елбасының өзіне сауал қойған журналиске қалай жауап берген сәтін де жариялады.

Бұған дейін АҚШ президентінің Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу бойынша жұмыс кестесі жарияланғанын жазған болатынбыз.
Естеріңізде болса, 2017 жылғы қыркүйекте Дональд Трамп телефон арқылы Нұрсұлтан Назарбаевты АҚШ-қа сапар жасауға шақырған болатын.
2018 жылдың 9 қаңтарында ҚР-дағы АҚШ елшісі Джордж Крол Мемлекет басшысымен кездесуде Қазақстан Президентінің алдағы сапары екі мемлекет арасындағы байланысты одан әрі нығайта түсетініне сенім білдірген еді.
Айта кетейік, Елбасы АҚШ-қа 16 қаңтар күні барған болатын. Ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесуі жоспарланған. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.

Ержан Жаубай
17 қаңтар 2018 ж. 1 103 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 193

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031