БЕЙБІТ ӨМІРДІ БАҒАЛАЙЫҚ
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты мерекелік кеші өтті.
Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, қанды қырғын ошағына айналған екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл 73 жыл. Ұлы Отан соғысында 20 000 000 миллион отандасымыз, солардың ішінде 2 000 000 жуық қазақстандықтар құрбан болды. Миллиондаған адамның өмірімен қолымызға тиген Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерейтойы әрқайсысымыз үшін қымбат. Біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ ата-бабамыздың ерліктерін қадірлейтін, бейбіт өмірді бағалайтын – Біздер, Қазақ елі.
Соғысқа аттанып, елін қорғаған халқымыздың батыр ұлдары мен қыздарын есте сақтауға, ерліктерін үлгі тұтуға бәріміз де міндеттіміз. Фашизмге қарсы шайқастар мен онда ерлік көрсеткен батырлар жайлы деректерді өскелең ұрпақтың санасына сіңіруіміз қажет.
Іс – шараға 66597 және 10216Д әскери бөлімдерінің қызметкерлері және Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұландар «Оңтүстік» 5547 бөлімшесінің сарбаздары, «Қамқорлық» дағдарыс орталығының бейімделушілері, студенттер және кітапхана оқырмандары қатысты.
Келген қонақтарға «Желбірейді Жеңіс туы» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
https://kyzylorda-news.kz
Пікір 2