Қыздарға арналған қызмет түрлері
Қазіргі кезде мамандық таңдау өте күрделі. Оның үстіне қыз балаға мамандықты дұрыс таңдау қажет. Ер балаларға қара жұмыстың да табылатыны белгілі. Ал қыздар үшін қиын болатыны анық. Зерттеулер нәтижесінде, қыздар қауымы қаражаты көп, мәртебелі қызметтерді таңдайтыны белгілі болды. Кішкентай кезінде теледидардан көп көрініс табатын модель, әнші, биші болуды қалайтындар есейе келе өз көзқарасын толығымен өзгертіп жатады. Сонымен қатар бұл мамандықтарды көпшілігі игере алмай жатады. Мамандық таңдауда нарықтағы сұранысы жоғары өзекті қызмет түрлерін анықтап алған дұрыс. Бухгалтер. Адам қалауы өзгергенімен, уақыт өтсе де, бұл мамандық өз қадірін кетірмейді. Бұл салаға есеп-шотты жақсы көретін, математикаға икемі бар қыздар барғаны жөн. Қаржыгер. Көптеген халықаралық және ұлттық компанияларда сұранысы жоғары мамандық. Аудармашы. Бұл үшін кемінде 2 немесе 3 тіл білу шарт. Қарапайым аудармашыдан дипломатқа дейін өсуге болады. Туризм менеджері. Бүгінде екінің бірі шетелге демалысқа барып жатады. Жылдан-жылға бұл көрсеткіш артуда. Сондықтан турбизнес әрқашан лайықты қызмет түрі болып есептеледі. Ең бастысы – турбизнесте көбіне жастар қауымы жұмыс жасайды. Бұл салада жүрсең адамдармен дұрыс тіл табысуды, жинақылықты үйренесіз. Стилист-косметолог: әйел затына лайық қызмет. Қаражаты жоғары, сұранысы да соған сай. Бұл мамандық сурет салуға деген икемділікті талап етеді. Шығармашылыққа жақын болу керек. Дизайнер. Ландшафт саласындағы дизайнерлер жоғары бағаланады. Әр үйдің сәнін келтіретін жиһаз, интерьердің дұрыс таңдалуы осы мамандықтың еншісінде. Бренд-менеджер. Кез келген тауар өнімінің халық арасына кеңінен таралуын қамтамасыз етеді. Өнімнен келіп түскен пайдаға және тауар көлеміне жауап береді. Шетелде бұл мамандық жоғары сұранысқа ие. PR саласының маманы. Жарнама саласында қызмет атқарады. Тауардың түр-келбетін жасап шығарады. БАҚ арқылы да жарнама жасайды. Ол үшін жаңа идеяға бай болу керек. Қыз балалар үшін аталмыш мамандықтардың барлығы дерлік тиімді. Өзіңіздің қалауыңыз бойынша мамандық таңдаңыз.
Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/jogargyi_syinyip/43304
Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/jogargyi_syinyip/43304