Менің мамандығым - менің болашағым
Жуырда Темірбек Жүргенов атындағы мектеп-лицейде «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады» тақырыбында студенттермен кездесу кеші болып өтті.
Кездесу кештің мақсаты мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу,оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу және қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.
Аталған іс-шараға мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Құлманқұлова, бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары Д.Ильясов, №115 орта мектеп директоры Б.Майбасаров, мектеп-лицей мұғалімдері Б.Әмзеева, Ғ.Нұрмахатов, А.Әлиева, В.Шалқымаева, Жақан Айда және бірқатар студенттер мен мектептің 9,10,11 сынып оқушылары қатысты.
Мамандық таңдауда ең бір мән беретін қасиет – ол мінез-құлық. Адам баласы мамандық таңдауда сол мамандықтың мінезге де сәйкес келуі міндетті деп ойлаймын.
Мінез таңдаған салаға үйлессе, жұмыс бабында да үлкен жетістіктерге жетелейтіні анық. Мысалы, кез-келген маманға сабырлық, тиянақтылық, әріптестермен татулық, ізденімпаздық сияқты қасиеттер жарасады. Мен өз бойымда осы қасиеттердің барына сенімдімін. Менің арманым – қазіргі кезде Қазақстанның гүлденген, бүкіл әлемнің назарын өзіне аударған сәтінде дамыған елдермен қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсуде кішкене болса да өз үлесімді қосу. Мен бұл саланы – өмірлік мамандығым деп білемін.
Ж.Аймауытов айтқандай: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» Абай: «болмасаң да, ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз» деді. Ендеше, алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
Фариза Мусаева,
Темірбек Жүргенов атындағы
мектеп-лицей тәлімгері.