Қолыңды қой, мінезіңді таниын!
Бір сәтте бір адам туралы бәрін білгің келеді. Психологтардың ойынша, адамның бір әрекеті оның бүкіл болмыс-бітімінен хабар береді. Мысалы: қолтаңбасы. 1. Қолтаңба көлемі: а) үлкен — кең ойлайды. б) тығыз — нақты ойлайды. 2. Қолтаңба ұзындығы: а) ұзын— мәселені тереңнен ойлай алады, шыдамды, түртпектегіш. б) қысқа — аңғарымпаз, бір сарынды жұмысқа қабілетсіз. 3. Қолтаңба түрі: а) дөңгелек — жұмсақ, мейірімді, байсалды. б) дөрекілеу — шыдамсыз, шапшаң, таза, бірбеткей. 4. Әріп аралығы: а) алшақ — жомарт, ысырапшыл. б) тығыз — үнемді, сараң. ©inudgeyou.com 5. Қолтаңбадағы элементтер: а) дөңгелек — терең ойда жүретін адам. б) тор — байқампаз, бірбеткей. в) сурет — шығармашылық қабілет. 6. Қолтаңбаның қисықтығы: а) солға — бірбеткей, өзін-өзі қорғай алатын адам. б) оңға — түсінігі мол адам. в) тіке— өзін-өзі ұстай алатын, ақылды адам. г) әртүрлі бағыт- жұмбақтық, жалғандық. 7. Қолтаңбаның соңының бағыты: а) жоғары – оптимизм; б) төмен — пессимизм; в) тіке— жайлы мінез. 8. Қолтаңбаның астын сызу: а) төменнен сызса— өзін-өзі жақсы көретін, өкпешіл, елдің пікіріне еретін адам. б) жоғарыдан сызса — тәкаппар, атаққұмар. в) үстінен сызса — күмәншіл, өз-өзіне сенбейтін адам. 9. Қарапайым не күрделі: а) қарапайым — барға қанағаттанатын адам. б) аса күрделі — түймедейді түйедей қылатын адам. в) ерекше қол - шығармашылық қабілет. Қолтаңба неғұрлым қарапайым болса, адамның мінезі соғұрлым ашық деген сөз. Ал сен қолды қалай қоясың?
Толығырақ: https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/724
Толығырақ: https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/724