» » Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 195 млрд теңге жарна жиналды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 195 млрд теңге жарна жиналды

ÓлеÑмеÑÑÑк медиÑиналÑÒ ÑаÒÑандÑÑÑ ÒоÑÑна 195 млÑд Ñеңге жаÑна жиналдÑ

Қор басшылығы жыл соңына дейін бұл соманы 240 млрд теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Жалпы, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры стратегиялық сатып алушы, медициналық қызметтердің бірыңғай төлеушісі болып белгіленген», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов елордада өткен жиында. Қор басшысы сонымен бірге жарна бойынша қанша соманың жиналғанын атап өтті. «Жарналар туралы айтар болсақ, қазіргі таңда қорда 195 млрд теңге жинақталды. Жылдың соңына дейін медицинаға, яғни адамдарға бағыттауға болатын соманың көлемі 240 млрд теңгеге жеткіземіз деп отырмыз. Әлбетте, мемлекет тарапынан да аз қамтылған санаттардың 15 категориясы бойынша қаражат бөлінеді», - деді ол. Еске сала кетсек, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің болжамы бойынша дербес төлеушілердің саны шамамен 1 млн адамды құрайтыны хабарланған болатын. «1 млн адамның ішінде 770 мың адам - өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар. Осыған байланысты, өңірлердің әкімдері 2019 жылдың 1 қазанына дейін өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың мәртебесін нақтылау, медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту жөнінде қажетті шаралар қабылдауы қажет. Тегін медициналық көмектің және медициналық сақтандыру жүйесінің жаңа пакеттерін енгізу бірінші кезекте халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған», - деген еді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында.


https://www.inform.kz/kz/aleumettik-medicinalyk-saktandyru-koryna-195-mlrd-tenge-zharna-zhinaldy_a3554123
06 тамыз 2019 ж. 737 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930