» » Шетелден әкелінетін көліктерді 10 күн ішінде уақытша тіркеуге қою қажет: ІІМ-нің жаңа бастамасы

Шетелден әкелінетін көліктерді 10 күн ішінде уақытша тіркеуге қою қажет: ІІМ-нің жаңа бастамасы

Шетелден әкелінетін көліктерді 10 тәуліктің ішінде уақытша тіркеуге қою қажет. Мұндай бастаманы ІІМ көтеріп отыр. Себебі, соңғы уақытта еш жерде тіркелмеген машиналар жол ережесін өрескел бұзып, айыппұлдан сытылып кетіп жатыр.


ШеÑелден ÓкелÑнеÑÑн көлÑкÑеÑÐ´Ñ 10 ÑÓÑлÑкÑÑÒ£ ÑÑÑнде ÑаÒÑÑÑа ÑÑÑкеÑге ÒÐ¾Ñ ÒажеÑ: ÐÐÐ-нÑÒ£ жаңа баÑÑамаÑÑ

Бұл соның алдын-алу үшін жасалып отырған қадам екен. Егерде заң алдағы уақытта қабылданса, қолжетімді бағаға Армениядан көлік әкелген азаматтарға қайтпек керек? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазір еліміздегі әрбір үшінші көлік Армения, Ресей, Қырғызстан немесе Белоруссия елдерінен әкелінген. Ол жақта көлік арзан дегенді естіп жергілікті халық сонда лек-легімен ағылуда. Бұл тізімде Арменияның үлес салмағы басым. Шеттен келген көліктер енді елге кіргеннен соң 10 күн ішінде уақытша есепке тұру керек. Бұл жөнінде жүргізушілердің пікірі қандай?     

“Есепке қою негізі өте дұрыс. Мен соған келісемін. Есепке алынса қателіктер азаяр еді. Қазір барлығы шетелдік нөмірлерді тағып алып, қалада байқап жүрміз. Қатты жүреді".

"Арзан бағада болса алғысы келеді ғой. Қазақстанда машина қымбат. Шетелден алғысы келеді ғой", - дейді тұрғындар.

Ал, автоблогер Олжас Оқас елімізге шет елден "Еуро-4" стандартына сай келмейтін көліктерді тасымалдауға рұқсат берілуі қажет деген пікірде. Өйткені, олар біздегі утилизацияға жіберілуі тиіс машиналардан анағұрлым сапалы екен.   

Өйткені, Қазақстанның автопаркі қатты тозған. Байқасаңыздар 91 жылғы 626 маздалар жүр ескі. Әрине, олар тозып кеткен. Мораль тұрғысынан және моторлары да бітті. Халыққа арзан сапалы әрі ыңғайлы көліктер ауадай қажет. Осыны біле тұра, кедендік одақтың шарттарына келісу, нағыз бассыздық болды біздің биліктің тарапынан. Көптеген заңдар халықпен келіспей қабылданып жатыр, - деді блогер Олжас Оқас.

Отандастарымыз жиі баратын Армения мен Ресейдегі көлік нарығын салыстырып көрдік. Ол жердегі бағалар біздің базарлармен салыстырғанда анағұрлым арзан. Мәселен, жұрт арасында сұранысқа ие "Тойота Камридің" 40-50 шанақтары 1-1,7 млн төңірегінде. Ал, "Лексустар" серияларына қарай бағалары құбылып отырады. Ал, ең өтімді "ВАЗ-дың" құны қолжетімді.

Билік өкілдері, санаулы кәсіпкерлердің мүддесін қорғап отыр. Бұл жерде әңгіме жаңа үміткер жайында. Салондағы көліктер бізде қымбат. Өйткені, екінші нарықта дұрыс машина жоқ", - дейді блогер.

Азаматтарымыздың ақшасы жоқ жаңа машиналарды алуға. Сондықтан олар кредит алып жатыр 4 %. Оның өзінің алғашқы жарнасы бар. Оның пайыздық үстемақысы бәрібір үлкен. Егер, 5-7 жылға санайтын болсақ".

Транспорттың тасымалдануына жауапты орган мұндай шектеуді қою арқылы еліміздегі шетел көліктерінің қатысуымен болған жол апаттарының санын азайтпақ. Мәселен, тіркеуде жоқ Қырғызстан мен Армениядан әкелінген машиналар өткен жылы 41 мың рет жол ережесін бұзса, биылғы 6 айдың өзінде 42 мыңнан астам заң бұзушылық фактісі тіркелген.   

"Бұл ұсынысты енгізудегі ең бірінші мақсатымыз, біздің жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Яғни, осы шетел автокөліктерімен жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын-алу. Жол көлік оқиғаларын болдырмау. Ең бірінші айтатын болсақ 2018 жылы шетел автокөліктерінің қатысуымен 41 мыңға жуық жол ережесін бұзу қағидалары тіркелген болса, қазіргі жылы бұл сан 42 мыңнан асып тұр. Осы 5-6 ай көлемінде", - дейді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Бұл заң жобасын қазір көлік комитетінің мамандары талқылап жатыр. Одан әрі қоғам белсенділері мен депутаттардың қарауына жіберілмек. 


stan.kz

15 тамыз 2019 ж. 449 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 772

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930