Көліктердің 64 пайызы ескірген: Қазақстандықтар шетелдіктердің ескі санайтын көліктерін мініп жүр
Қазақстандағы көліктердің 64 пайызы ескірген. Үштен екі бөлігінің зауыттан шыққанына 10 жылдан асып кетіпті. Былай қарасаңыз 2009 жылғы авто сіз бен біз әлі жап-жаңа болып көрінгенімен, дамыған елдер үшін бұл ескі-құсқы санатына кіреді.
Азаматтар ақшасын шытырлатып санап беріп, неге салоннан су жаңа көлік сатып алмайды? Бұл туралы Евразия арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.
Ағымдағы жылдың үш айында жұрт салонға барып 127 миллиард теңгеге жаңа көлік алған. Сатылым бойынша бірінші орында Тойота, екінші кезекті Хюндай, үздік үштікті Лада түйіндеп тұр. Есептің аты - есеп. Бірақ ескі көлік көп елде. Себебі неде?
Ағымдағы жылдың үш айында жұрт салонға барып 127 миллиард теңгеге жаңа көлік алған. Сатылым бойынша бірінші орында Тойота, екінші кезекті Хюндай, үздік үштікті Лада түйіндеп тұр. Есептің аты - есеп. Бірақ ескі көлік көп елде. Себебі неде?
"Біріншіден, Қазақстанда жалақы өте аз. Екінші, көп адамда жағдайдың болмауында деп ойлаймын. Қолжетімді сол ескі автокөліктер ғана".
"Астанада көріп жүрмін де. Ескі көліктер көп екен де. Сондықтан ойлаймын неге жақсы көліктер кіргізгісі келмейді, әдемі-әдемі көліктерді", - дейді тұрғындар.
Осыдан біраз жыл бұрын шетелден көлік әкелетін коммерсанттар бар еді. Ескілеу, бірақ құны құлдырап түсіп кетпейтін иномаркалар таситын. Кейінгіде Еуразиялық экономикалық одаққа кірдік, басқа да өзгерістер болып ондай автоларды бізге жеткізу тиімсіз болып қалды.
"Бұл бизнестің түрі отандық автоөндірушілерді қолдаудың арқасында құрыды. Сұмдық, айдаһардай от шашып тұрған салық пен баж салығы енгізілді. Сол отандық автопромды қорғаштау үшін осындай заңдар қабылданды. Ал қазақстандық авто өндірушілер 10-15 жыл болды қанша қаражат құйса да аяғынан тік тұра алар емес. Шетелден әкелінетін қолдан алынған көліктің бағасы жоғарыда айтылған алымдардан кейін аспандап кетеді. Амалы құрыған азаматтар базардан қалтасы көтеретін ескі көлікті барып алады", - деді тәуелсіз көлік жүргізушілер одағының төрағасы Эдуарл Эдоков.
Айтпақшы, Астанада жеңілдікпен автокредит беруге бағдарламасын түсіндіру үшін жиын өтті. Төрде отырған мамандардың айтуынша, соңғы үш жылда аталған жобаға 32 миллиард теңге бөлініпті. Бұған қоса үкімет биыл тағы 8 миллиард қосып берген көрінеді. "Бәрі халық үшін жасалып жатыр" дейді жауаптылар.
"Жеңілдетілген несие тұтынушыларға арналған бағдарлама. Бұл субсидия емес. Бағдарлама үшін өндіруші ешқандай ақша алмайды. Яғни, біз азаматтар осы жеңілдетілген несие пайдаланып өзіне көлік алуын көздеп отырмыз. Қазақстандағы көлік паркі ескірген. Үкімет оны жаңарту үшін түрлі бағдарламаларды іске асыруда", дедйі Қазақстан автобизнес қауымдастығы президентінің орынбасары Анар Мақашева.
Анар Мақашева "бұл субсидия емес. Бағдарламаға бөлінген ақшаны өндіріс алмайды" дейді. Қарапайым ғана мысал. Көлік алғыңыз келсе, салонға барып ақшаны екінші деңгейлі банктен сұрайсыз. Осы арқылы отандық өндірістің дамуына тікелей үлес қосып отырсыз. Ол ақша айналып барып зауытқа түспей ме?
"Өндіріске автомобиль шығару үшін өте көмек көп бөлініп жатыр. Оның бірі жыл жыл сайын 10 миллиардап субсидия беріледі. Қазақстанда көбірек өндірілсе автопром, мультипликативный эффект бар. Салық көбейеді. Соның түгелі пайда болады. Былай шетелден ала берсек тауарды, машиналарды, басқаны Қазақстаннан бүкіл валютамыз шетелге кетеді. Содан біздің теңгеміз құлдырауы мүмкін", - деді экономист Арман Байғанов.
Мүмкін, әрине мүмкін. Ақша бөлініп, қолдау жасалып жатыр екен, сапалы өнім шығарса ел алады ғой. Мейлі, ескі көліктер тақырыбына қайтып оралайық. Осыдан бірер жыл бұрын тозығы жеткен автоларды утилизациялау жобасы басталған еді. Ол бағдарлама әлі де бар.
"Жыл басынан бері 8 мыңға жуық автокөлік қабылданды. Ал жалпы ескі көліктерді жою іске қосылғаннан бері 95 мыңнан астам Қазақстан бойынша автокөлік қабылданып отыр. + Көліктің құны 315 мың теңгеден басталады. Яғни, жеңіл көліктер 315 мың теңге бұл сертификат беру бағдарламасы. Сатып алу бағдарламасы бойынша 150 мың теңге", - деді "ӨКМ Операторы" ЖШС өкілі Жомарт Рақымжан.
Халық ескі көлігін утильизацияға өткізбейді. Жаңа көлік алайын десе 5-6 жыл кредит төлеуі керек. Төлеп біткенде тура сол бағаға қайтып сата алмайтынын жақсы біледі. Ал жылы сәл ескілеу бағасы қалтаға қонымды автолар көптен бері Қазақстанға тасымалданбайтын болған. Сондықтан бірінің тозған темір тұлпарын бірі сатып алып мініп жүр.
Stan.kz