Қазақстанда жаңа көліктің орташа бағасы 3,3 % өсті
Қазақстанда жаңа көліктің орташа бағасы 3,3 % өсті
2018 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, жаңа көліктің орташа құны 3,3 пайыз өскен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «ҚазАвтоПром» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алты айдың қорытындысы бойынша, қазақстандықтар 214,3 млрд теңгеге 25 989 жеңіл көлік сатып алған. Жеңіл көліктің орташа бағасы 8 179 150 теңге болды, бұл былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 3,3 пайызға өсті.
Бірінші жартыжылдық қорытындысына сәйкес, сатып алушылардың үштен бірінен көп бөлігі 5 миллионнан қымбат болмайтын көлік сатып алған.
Сатып алушылардың 15,6 пайызы 7-10 миллион теңге аралығындағы көліктерді сатып алған. Олардың үлесі 0,12 пайыз ғана артқан.
Қолжетімді 10 көліктің ішіне кіретіндер: Ravon Nexia (2,75 млн теңге), Ravon R2 (2,78 млн теңге), Lada Kalina (2,93 млн теңге), Lada 4x4 (3,1 млн теңге), Ravon R4 (3,25 млн теңге), Renault Logan (3,55 млн теңге), Lada 4x4 Pickup (3,65 млн теңге), Ravon Gentra (3,73 млн теңге) и Chevrolet Niva (3,99 млн теңге).
Baq.kz
Пікір 2