БАЛҒЫНБЕК ИМАШЕВ: "СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫН ТАЛТАҢДАТЫН ҚОЙҒАН КІМДЕР?"
Белгілі айтыскер Балғынбек Имашев сот орындаушыларына деген наразылығын өзінің инстаграмм парақшасына жазып қалдырған екен.
"Осы "Сот орындаушы" деген адамдарға барлық құзіретті беріп, талтаңдатып қойған кім? Салық органдарына, банктерге қарызы бар адамдарға еш ескертпестен "арест" қойып, есінеп отырып, әр соманың 25% көлемінде үстінен ақша алатын алаяқтар сияқты. Алдына барсаң адам менсінбейді. Жағдайыңа пысқырып қарамайды.
Өзі күнін әзер көріп отырып, айыппұлын, салығын, алиментін, несиесін төлей алмай жүрген жандардың үстінен 25% жеп отыру жемқорлықтың заңды түрі емес пе? Осындай бассыздықтар қашан ауыздықталады екен?
Менің жағдайымда тіпті қарыз болмасам да салық органдарынан кеткен қателікке бола "арест" қойып тастапты. Мақұл, жағдай солай болып қалды. Бірақ мен мән-жайды анықтап, қарызым жоқ екені туралы ресми хат апарып беріп тұрсам да, "Мен бұл хатқа сенбеймін. Күмәнім бар. Мұндай хатты қолдан жасап алуға болады" деп, арестен босатқысы жоқ. Өйткені, 25 % ақшадан қағылады ғой. Ол аз болғандай қолыма, беті бүлк етпей "Хабарлама-извещение" беріп тұр.
Айналайын, мынауың не мазақ? Мен саған қарызы жоқ, арестен босат деп хат әкеп тұрсам, сен маған, қарызыңды төле деген хабарлама бергенің қалай десем, "мен сізге сенбеймін, салық комитетіне запрос жіберем, 15 күн шамасында күтіңіз" дейді. Сонда жеке Сот орындаушы Бимағамбетов Асхат ресми бланкке жазылған, тіркеу нөмірі жазылған, ресми мөр басылған құжатқа сенбейтіндей мені қылмыскер санап тұр ма?
Жалпы арест қою үшін "қарызыңыз бар, осынша уақытта төлемесеңіз, арестке қоямыз" деп ескерту керек емес пе?
Керек кезде аз мөлшердегі төленбей қалған өсім (пеня) үшін ұшаққа міне алмай қалған қанша оқиғаны өз көзіммен көрдім.
Сосын оларға сыйақы ретінде негізгі қарыз сомасынан 25% деген не батпанқұйрық? Өзі төлеуге ақша таппай қиналған бейшараға жығылған үстіне жұдырық емес пе?",- ойын түйіндеген ол.

reactor.inform.kz