» » Жүргізуші куәлігін рәсімдеу реті жеңілдеді

Жүргізуші куәлігін рәсімдеу реті жеңілдеді

ÐÒ¯ÑгÑзÑÑÑ ÐºÑÓлÑгÑн ÑÓÑÑÐ¼Ð´ÐµÑ ÑеÑÑ Ð¶ÐµÒ£ÑÐ»Ð´ÐµÐ´Ñ - © ТұÑÐ°Ñ ÒазанÒапов


Жүргізуші куәлігін алатын көлік иелері үшін медициналық тексерістен өту реті жеңілдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының "Азаматтарға арналған үкіметінің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Азаматтарға арналған үкімет" көлік жүргізуге рұқсат беретін құжатты алу үшін талап етілетін 083 үлгісіндегі медициналық анықтамаға өзгерістер енгенін хабарлайды.  

Бұдан былай жүргізуші куәлігін рәсімдеу барысындағы медициналық комиссия құрамы 7 дәрігерден 4-ке дейін қысқарды. Енді терапевт, окулист, оториноларинголог, психиатр-нарколог дәрігерлерінің тексерісінен өту жеткілікті. Сондай-ақ қан, дәрет талдамасы, флюрография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді тапсыру қажет емес.

Медициналық тексеріс барысында терапевт дәрігер қандайда аурулардың бар-жоғын "Диспансерлі науқастардың электронды тізілімі" ақпараттық жүйесі, ал психиатриялық немесе наркологиялық диспансерлердің есебінде тұрмауы жөнідегі ақпаратты мәліметтер базасы арқылы, сондай-ақ диспансерлердің анықтамасы негізінде тексере алады. 

Айта кетейік, бүгінде жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтама үш жағдайда талап етіледі:
- Жүргізуші куәлігін бірінші рет рәсімдеу барысында;
- Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткенде;
- Жүргізуші куәлігінен айырылғандар құжатты қайта рәсімдегенде.
Жыл басынан бері 337 мың қазақстандық жүргізуші куәлігін алды. 


19 тамыз 2019 ж. 580 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930