Қызылордада 13 мәрте ұрлық жасаған күдікті қолға түсті
Қызылорда облысы Арал ауданында 13 ұрлық қылмысына қатысы бар 29 жастағы күдікті қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ол былтыр 17 қарашадан бастап биылғы тамыз айының ортасына дейін бірнеше мәрте ұрлық жасаған. Бұл тұрғыда жергілікті тұрғындар бірнеше мәрте шағым түсірген еді. Аталмыш шағымдар автотұрақ, үй, дүкен, автокөлік, қоймадан ұрланған заттарға байланысты түскен. Белгісіз адам есік құлпын бұзып аккумулятор, ұялы телефон, ноутбук, алтын бұйымдарды қолды еткен. Содан кейін оқиға орынан бой тасалаған.
«Ұрлық күндізгі және түнгі уақытта, үй иелері болмаған немесе ұйықтап жатқан кезде жасалған. Жәбірленушілерге шамамен 1,5 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келген. Полиция қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Ол шалғайдағы ауылдардың бірінде қолға түсті. Тергеу барысында күдіктінің ауданда жасалған осы тектес 13 қылмысқа қатысы бар екені дәлелденді. Барлық деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
inform.kz