» » 2019 жылы медициналық сақтандыру жарнасын төлеу тәртібі өзгере ме?

2019 жылы медициналық сақтандыру жарнасын төлеу тәртібі өзгере ме?


2019 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын төлеу тәртібі де, жарна мөлшері де өзгермейді.
2019 жылы жарнаны жұмыс берушілер жұмыскер табысының 1,5 пайызы көлемінде аударым жасауда. Ал жеке кәсіпкерлер өзі үшін жарна аудару міндетінен 2018, 2019 жылдары босатылған. Бірақ олар жұмыс беруші ретінде қарамағындағы жұмысшылары үшін аударым жасауға міндетті, жұмыс берушілер жарнаны жұмыскер жалақысынан емес, өз қалтасынан төлеуі тиіс.
Парламент 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай жиынтық төлем енгізетін заңды қабылдаған болатын. Аталған төлемге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасы да енгізілген. Бұл өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға сақтандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді. Қалған санаттағы азаматтар міндетті медициналық сақтандыру жарнасын 2020 жылдан бастап төлейді. Атап айтар болсақ, жұмыскерлер табысының 1 пайызын Медициналық сақтандыру қорына аударады. Азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететіндер де ай сайынғы табысының 1 пайызын қорға аударып отыруға міндетті. Сонымен қатар 2020 жылдан бастап мемлекет те жарна аударуға кіріседі. Жалпы алғанда, 13 санатқа жататын 10 миллионға жуық адам бюджет есебінен қаржыландырылады. Міндетті сақтандыру шеңберінде медициналық көмек 2020 жылдан бастап көрсетіле бастайды. Оған дейін жинақталған қаражат Ұлттық банкте сақталып, 2020 жылы сақтандыру пакеті бойынша көрсетілген қызмет ақысын төлеуге жұмсалады.
Г.Каюпова,
аудандық аурухана
бас дәрігерінің пациентті қолдау және ішкі
бақылау қызметі жөніндегі орынбасары
31 тамыз 2019 ж. 722 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 660

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30