» » БІЛІМ САЛАСЫНА ҚАШАН ДА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

БІЛІМ САЛАСЫНА ҚАШАН ДА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ


Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жолдады. Онда Президент қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отырғанын және біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе алатынымызды атап өтті.
Саяси құжаттың төртінші бөлімінде әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі туралы айтылды. Яғни, алдағы уақытта білім беру сапасын жақсарту, қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықтың алдын алу мақсатында «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейту жұмыстары қолға алынбақ. Бұл үшін ауыл мектептеріндегі білікті кадр тапшылығын жою мәселесі бірінші орында тұр. Ел Президенті үкімет мүшелеріне келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 млрд теңгеге жеткізуді тапсырды. Қазақстандық жастардың білімін арттыру, дарынды ауыл жастарының шет елде білім алуына мүмкіндік жасалуы керектігін жеткізді. Сонымен бірге Жолдауда айтылған маңызды мәселелердің бірі – аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан балалардың білім алуына қолдау көрсету жағы да сөз болды. Енді дарынды балалардың қабілетін дамытудың жол картасы әзірленетін болды. Сондай-ақ жуырда өткен тамыз кеңесінде Мемлекет басшысы педагогтардың мәртебесін арттыру мақсатындағы жүйелі жұмыстар жалғасын таба беретінін айтқан еді. Осының ізімен алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің табысын екі есеге дейін өсіруді тапсырды.
Жалпы бұл Жолдауда айтылған өзекті мәселе баршылық. Барлығы сайып келгенде халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына, еліміздің дамуына бастайтын игі бастамалар деуге болады. Ал Президенттің білім саласына деген оң көзқарасы көпшілікті бір қуантты. Өйткені, қазіргі заманда ең бірінші білікті маман, бәсекеге қабілетті тұлға болу маңызды.

Салтанат Қосжанова,
№123 мектеп- лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі




02 қыркүйек 2019 ж. 1 161 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930