Өресі биік бала белесті бағындырады
Жыл басында Елбасы Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Саяси құжат жаңа әлемге, яғни төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындап берді. Он бағыт бойынша жүктелген барлық міндеттер ел экономикасының өркендеуіне, барлық сала бойынша қолға алған жобалардың өз жемісін беруіне жол ашады. Оның ішінде жетінші бағыт – адами капитал жаңғыру негізі. Білім берудің жаңа сапасы бойынша барлық жастағы азаматтарды қамтитын бұл салада өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу керек және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамытуға тиіспіз.Өткен жылы оқу маусымы қарсаңында мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажеттігі айтылып, бірқатар жұмыстар қолға алынған еді. Бүгінде аудандағы 3 және 6 жастағы балалар балабақшамен қамтылды. Алдағы уақытта да Елбасы тапсырмасының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кезекте тұрған балалар санын азайта отырып, білім беру сапасына аса мән беріледі.
Мектепке дейінгі білім беру ісінде бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу, заманауи әлеммен тиімді қарым-қатынас жасауға қабілетті креативті тұлғаны тәрбиелеу балабақшадан басталуы тиіс. Осы орайда Мемлекет Басшысы үш тілде білім беру тәжірибесін одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті. Мұнан Елбасының жас ұрпақтың болашағына деген қамқорлығын сезінуге болады. Осы бағытта педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау қажет.
Білім берудің барлық деңгейінде математика, жаратылыстану ғылымдарын оқытуды үдету керектігі айтылды. Мемлекеттің дамуы, келешегінің кемел болуы – білімді ұрпақтың қолында. Сол үшін дәл бүгіннен бастап білім саласының озық технологияларын пайдаланып, алдағы қарастырылатын жаңа білім беру бағдарламасын енгізуге бейімделу уақыт талабы екенін ұмытпайық.
Гүлжан АЛПЫСБАЕВА,
«Ақмаржан» бөбекжайының тәрбиешісі.