ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ АРТСА, ТӘРБИЕ ТҰҒЫРЫ БИІКТЕЙДІ
Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем бер. Мамандықтың асылы да, қиыны да осы – ұстаздық. Адам болашағының шырақшысы, бағдаршысы саналатын мұғалімдердің мәртебесін арттыруда ел ішінде жыл сайын білім саласына өзгерістер еніп, үлкен ден қойылып келеді.
Ескі жыл тарих қойнауына еніп, жаңа жыл төрімізге шыққалы бір айға жуықтады. Бастысы сол, жеті қазынаның бірі «ит» жылы жағымды жаңалықтар легін ала келді. Оның дені осы білім саласындағы өзгерістер. Аз ғана уақыт ішінде халық арасында тез тарап, көпке қуаныш сыйлаған жаңалықтардың бірі – мұғалімдердің жалақысының артуы. Осы және өзге де өзгерістер туралы Мемлекет басшысының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының 7-ші бағытында кеңірек айтылған. Айталық, жыл басынан бері мұғалім мәртебесін көтеруде білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 30 пайызға және біліктілігінің расталуына байланысты 30 пайыздан 50 пайызға дейін көбейту қолға алынды. Бұл үшін биыл қосымша 67 млрд қаржы бөлу қарастырылған. Сонымен қатар, категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесі енгізіледі. Сонымен бірге, жаңа жылдан бастап оқушыларға берілетін тапсырма азаяды, орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленеді, қолданбалы ғылыми-зерттеулер біртіндеп ағылшын тіліне көшеді. Өңірлердегі оқушылар сарайының базасында компьютерлер, лабораториялар және 3D принтерлер секілді барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісі құрылады. Жас ғалымдарға ғылыми гранттар аясында квота бөлініп, оларды қолдаудың жүйелі саясаты жүргізіледі. Ал, 2019 жылдан бастап мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттары енгізілсе, осы жылдан 10-11 сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндері ағылшын тілінде оқытыла бастайды.
Жолдауда көрсетілген тағы бір өзгеріс – білім беру мекемелері арасындағы бәсекелестік артып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізіледі. Жеке сектордың қаржыландыруға атсалысуы барлық қолданбалы ғылыми-зерттеу әзірлемелері үшін міндетті болып саналады. Сондай-ақ, білім беру саласы инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қарала бастайды. Ал, Жоғарғы оқу орындарына келетін болсақ, білім беру бағдарламаларын жасауға көбірек құқық беріп, олардың академиялық еркіндігі заңнамалық тұрғыдан бекітілетін болады. ЖОО шетелдердің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен, ірі кәсіпорындарымен және трансұлттық корпорацияларымен бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асырып, елдегі білім саласының ауқымы кеңейетін болады. Сондай-ақ, орта мектеп пен колледждер және ЖОО-дағы үздік оқытушылардың видеосабақтары мен видеолекциялары интернетке жарияланып, қолжетімді түрде қарауға мүмкіндік туады. Елбасы айтқандай, бұл арқылы барлық қазақстандыққа, оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашылады. Бұл дегеніңіз, интернет арқылы кез келген адам білім дәрежесін кеңейтіп, ғылым саласындағы озық ақпараттардан хабардар болып отырады деген сөз.
Сөз соңында айта кетейік, осыған дейін латын әліпбиіне көшу мәселесі көтеріліп, тіпті жаңа әліпбидің бірнеше нұсқасы да ұсынылған еді. Ол қоғамда қызу талқыланып, бүгінде жан-жақты қолдау тапты. Игі бастама біртіндеп жүзеге асырылып, 2025 жылы білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесі әзірленетін болады.
Нұржамила АЛМАСҚЫЗЫ.