» » » Саяси құжаттың бағыты айқын

Саяси құжаттың бағыты айқын

Мемлекет Басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын бәріміз ерекше ықыласпен қабылдадық. Біз саяси құжатта айтылған нақты міндеттер мен айқын мақсаттардан төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету үшін не істеу керектігін түсінеміз.
Жолдауда еліміздің қазіргі жағдайы түгелдей талдаудан өтіп, өркендеудің айқын жолы көрсетілген. Қазақстан – бүгінде өз биігін бағындырған ел. Шүкір, Елбасының көреген саясатының, халықтың бірлігі мен тату-тәтті тірлігінің арқасында егемен еліміз әлемге достық пен бірліктің символы ретінде танылды. Қазақ елі –əлем елдерінің сеніміне бөленген, тәуелсіздігі тұғырлы, көпұлтты мемлекет. Төрткүл дүниенің сенім артуын өткен жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуымыздан, қаңтар айында оған төрағалық етуімізден байқаймыз. Өткен жылы ғана «Экспо-2017» көрмесін өткізіп, мемлекеттің жас болса да еңсерген сүбелі еңбектерін көрсете білдік. Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш.
Жолдаудың бірінші бағыты индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудегі көшбасшы болу міндеті жөнінде. Ол үшін мұнай бағасын әлемдік баға тұрақтылығымен сәйкестендіру, жоғары еңбек өнімділігі бар қайта өңдеу секторына деген бағытымызды қалпында сақтау қажет. Сондай-ақ, кәсіпорындар жұмысын үдету, отандық өнімдердің экспортқа шығуына септігін тигізетін құралдарды әзірлеп, сол арқылы жоғары өнім алу жолында жұмыс жасау. Президент барлық қауіп-қатерді еңсеру және экономикада, қоғам мен мемлекет дамуындағы жаңа деңгейге көтерілу үшін ой мен іс-әрекеттерді біріктіруге үндеп, жаңғыруға бағыттады. Екінші бағыт бойынша ресурстық әлеуетті одан әрі дамытуды айқындап берді. Яғни, шикізат индустрияларын ұйымдастыруды, табиғи ресурстарды басқаруды қайта қарау. ХХІ ғасыр әлем елдерінің табиғи ресурстарға деген мұқтаждығын көрсетті. Айталық, өткен жылы әлем назарын Астанаға аудартқан «Болашақ энергиясы» тақырыбымен «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өтіп, онда дүниежүзіндегі 115 ел баламалы, таза энергия саласындағы жетістіктері мен тың дүниелерін таныстырған болатын.
Мұнан бөлек, Жолдауда білім саласына айрықша мән берілген. Алдағы уақытта мұғалім мәртебесін көтеруде біршама өзгеріс орын алады. Оның ішінде жыл басынан бері білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың жалақысын 30 пайыздан 50 пайызға дейін көбейту қолға алынды. Бұл үшін биыл қосымша қаржы бөлінеді. Сонымен қатар, категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесі енгізіледі. Оқушыларға берілетін тапсырма азаяды, орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленеді, қолданбалы ғылыми-зерттеулер біртіндеп ағылшын тіліне көшеді. Өңірлердегі оқушылар сарайының базасында компьютерлер, лабораториялар және 3D принтерлер секілді барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісі құрылады. Жас ғалымдарға ғылыми гранттар аясында квота бөлініп, оларды қолдаудың жүйелі саясаты жүргізіледі. Мұнан бөлек, 2021 жылы орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу аяқталады. Ал, 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесі әзірленеді. Бұларды саяси салмағы бар, талғам таразысынан өткен өзгерістер деуге болады.
2018 жыл – еліміздің бас қаласы Астананың 20 жылдығын тойлайтын мерейлі жыл. Астананың тәжірибесі «Смарт Сити» «эталонды» стандартын қалыптастырып, Қазақстан қалалары арасында озық практиканы таратуды және тәжірибе алмасу ісін бастау керек. «Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомативтеріне айналады. Бұл да Жолдауда атап көрсетілген міндеттердің бірі. Қарап отырсақ, Елбасы айтқан 10 міндеттің барлығы да айқын әрі түсінікті. Экономиканы қай жағынан алып қарасақ та, оның өзектілігі халықтың тұрақты өсуіне, өмір сүрудің жоғары деңгейін қалыптастыруға, сондай-ақ, әлемдік экономикалық қауымдастықта елдің нарықтық бағытта қарқынды дамуы болып табылады.
Елбасы айтқандай, біз жаңа заманға сай болу үшін төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек.

16 қаңтар 2018 ж. 1 336 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930