» » Арыстың аяқ киімдері елордада сатылып жатыр

Арыстың аяқ киімдері елордада сатылып жатыр

Тұтынушыларымыздың тауарлары жыртылып қалатын болса, тегін тігіп береміз – дейді «Арай» өндірістік кооперативінің басшысы Әміртай Бибасаров.


ТҮРÐÐСТÐÐ: âÐÑÑÑÑÑÒ£ аÑÒ ÐºÐ¸ÑмдеÑÑ ÐµÐ»Ð¾Ñдада ÑаÑÑлÑп жаÑÑÑ

Арыс қаласында тігілетін аяқ киімдер Нұр-Сұлтанда сатылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Арыс қаласындағы «Арай» өндірістік кооперативінде тігілетін аяқ киімдерге деген сұраныс күннен күнге артуда. Бүгінде мұнда ер адамдарға арналған көптеген аяқ киім түрлері тігілуде. Бір ерекшелігі аяқ киімдер Арыс қаласының тұрғындарына кепілдікпен беріледі. Яғни, жыртылып қалса, кәсіпорын тегін тігіп береді.

"Терілерді Түркияның Стамбул қаласынан және Запороже, Ростовтан алып келемін. Кооперативті жеті адам бар. Содан тігіп, сатуға шығарамыз. Қазір, Арыста, Шымкентте, Таразда, Нұр-Сұлтанда сатылуда. Арыста өзіміздің Арай дүкенін ашып қойғанбыз. Сол жерден алған тұтынушыларымыздың тауарлары жыртылып қалатын болса, тегін тігіп береміз", - дейді «Арай» өндірістік кооперативінің басшысы Әміртай Бибасаров.

Кәсіпорында иесі Әміртай Бибасаров аяқ киім модельдерін өзі құрастырады. Бұған көп жылғы тәжірибесі де жеткілікті. Алдағы уақытта қыздар киетін аяқ киімдер өндірісінде дамытып, кәсібін ұлғайтуды көздеп отыр. Тауарлардың тұтыну бағасы да қымбат емес. Қалтаға қонымды болғандықтан алушылар да көп.


05 қыркүйек 2019 ж. 500 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 770

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930