» » Елордада балабақшадағы екі бүлдіршін менингит ауруын жұқтырды

Елордада балабақшадағы екі бүлдіршін менингит ауруын жұқтырды

Елордалық балабақшада екі бала вирустық менингитпен ауырды. Бұл туралы елордалық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаменті хабарлады.

ÐлоÑдада балабаÒÑадаÒÑ ÐµÐºÑ Ð±Ò¯Ð»Ð´ÑÑÑÑн Ð¼ÐµÐ½Ð¸Ð½Ð³Ð¸Ñ Ð°ÑÑÑÑн жұÒÑÑÑдÑ

Менингит аурумен тіркелген балалардың тобында 14 бала бар. Балаларды дәрігерлер бақылайды. Бұл топ басқа адамдармен әлі байланыста болған жоқ.

Оқу жылының басталуымен вирус жұқтырғандардың көбеюі күтілуде. Бұған суық ауа райының басталуы ықпал етеді.

Елорданың тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаменті дүрбелеңге ешқандай себеп жоқ дейді. Вирустық менингит бактериалды немесе іріңді менингит сияқты қауіпті емес.

Егер симптомдар пайда болса, өздігінен емдеуге емес, дәрігермен кеңесу керек.

Вирус су, көкөністер, жемістер, тамақ, лас қолдар арқылы беріледі және оларды бассейндерде жұқтырып жатады.

Ведомствоның мәліметінше, соңғы 8 айда елордада менингиттен 240 адам емделген, олардың 173-і балалар.

stan.kz
10 қыркүйек 2019 ж. 386 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 771

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930