» » Оралда іріңді менингиттен 10 айлық нәресте көз жұмды

Оралда іріңді менингиттен 10 айлық нәресте көз жұмды


Орал қаласында іріңді менингиттен 10 айлық нәресте шетінеп кетті. Дәрігерлер барын салса да сәбиді аман алып қала алмаған деп хабарлайды Астана арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, бірнеше күн бойы ыстығы басылмай қойған бала маусымның екісінде ауруханаға түскен.
Ата-анасы бастапқыда тісі шыққалы жатыр деп ойлаған. 10 айлық сәбиді емдеу кезінде дәрігерлер әлденеше рет астанадағы мамандармен кеңескен көрінеді.

"Нәрестеге іріңді менингит диагнозы қойылған. Ауру пневмонияның кесірінен асқынып кетті. Мамандар күнделікті консилиум өткізіп отырды. Тиісті ем-дом жасалған еді, бірақ баланы аман алып қалу мүмкін болмады", - дейді БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сакпусунова.

Осы орайда дәрігерлер ыстық түспесе, дене тоңазыса, бөртпе шықса және бас ауырып, бұлшық еттер сырқыраса тез арада медициналық көмекке жүгіну керектігін айтады.
Іріңді менингиттен емделмегендердің 50 пайызы дүние салады екен.


Д.Қайыртай
https://kaz.nur.kz
12 маусым 2019 ж. 776 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930