» » Шымкентте дәрігерлер телефон қуаттағыштың бөлігін жұтып қойған баланы құтқарды

Шымкентте дәрігерлер телефон қуаттағыштың бөлігін жұтып қойған баланы құтқарды

Шымкентте дәрігерлер телефон қуаттағыштың бөлігін жұтып қойған алты айлық баланы құтқарды. Бұл туралы Қазақпаратқа сілтеме жасап, Stan.kzақпараттық агенттігі хабарлайды


Ата-анасының айтуы бойынша, олар не болғанын бірден түсінбеген. Бір аптадан соң, бала жылай бастағанда ғана көмекке жедел жәрдемді шақырған.
Мамандар сәбиді қалалық балалар клиникалық ауруханасына жеткізіп, рентген аппаратына түсірді. Аппарат арқылы дәрігерлер баланың ағзасынан бөтен денені байқаған. Олар гастроскоптың көмегімен алты айлық бүлдіршіннің денесінен телефонның қуаттауыш-өткізгішін сәтті алып тастады.

“Біз алты айлық баланың асқазан-ішек жолынан бөтен денені алып тастадық. Әлгі зат смартфонның өткізгіші болып шықты. Баланы ауруханаға оқиға орын алған сәттен бір апта өткеннен кейін алып келсе де, біз хирургия бөлімінде отаны сәтті жасадық”, — деді № 1 қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігері Әкім Түлкібаев.

Дәрігерлердің сөзінше, қазір баланың жағдайы қанағат етерліктей. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігерлер қауіпсіздік шараларын сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ, бала жұтып қоюы мүмкін майда заттарды оның қолы жетпейтін жерге қоюға кеңес береді.
 
Stan.kz
29 қаңтар 2019 ж. 700 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930