» » Адвокат Қытайда қамауға алынған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі неліктен созылып кеткенін түсіндірді

Адвокат Қытайда қамауға алынған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі неліктен созылып кеткенін түсіндірді

Қытайда тұтқындалған Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты істің мән-жайын айтып берді. Ол Қытайда қазақстандық қыздың ісінің қаралуы неліктен созылып кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы.


Адвокат Сұңқар Нұрмағамбетовтың сөзінше, Қазақстанның құқық қорғау органдары Ақжарқын Тұрлыбайды нигериялық топтың құрбаны деп мойындамай отыр. Соның салдарынан Қытайда істің қаралуы созылып кеткен.
 
Бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбай Қытайдың Гуанчжоу қаласының әуежайында тұтқындалған еді. Ол таныстарының өтініші бойынша бренд киімдерді Малайзияға алып өтпек болған. Алайда сөмкеден есірткі табылған еді. 

ҚР ҚПК 71-бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықпен моральдық, физикалық немесе мүліктің зиян келген тұлға жәбірленуші деп танылуы мүмкін. 

Ақжарқын Тұрлыбай мен нигериялық азаматтың сыбайласының жауабына сәйкес, қазақстандық қыз есірткі алып бара жатқанын білмеген. Демек, оның қылмыс жасау туралы ойы болған жоқ, дейді Сұңқар Нұрмағамбетов.

Сонымен қатар 30-дан аса адам осындай жолмен ұлтаралық есірткі тобының құрбаны болған. Олардың қатарында Ақжарқын да бар. 
Егер Қазақстан аумағында Ақжарқын Тұрлыбайға жәбірленуші мәртебесі берілсе, ол Қытайдағы процесте өзінің қорғану құқығын жүзеге асыра алады. 

Адвокаттың сөзінше, ол сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Ақжарқынды жәбірленуші деп тану туралы өтініш берген. Алайда тергеу комитеті өтінішті ескермей немесе қанағаттандырудан бас тартып отыр.

Ал еліміздің ішкі істер министрлігі 2014 жылы Нигерия азаматына қатысты ҚР ҚК 259-бабы 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғаған. Алайда бүгінде қашып жүрген күдіктінің іздестірілуіне байланысты істің мерзімі тоқтатылған.

Естеріңізге сала кетсек, Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу қаласының әуежайында есірткі контрабандасымен айналысты деген күдікпен ұсталған еді. 2015 жылы маусымда 21 жастағы қыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Кейін апелляциялық сот бұл шешімнің күшін жойған.

2016 жылы қарашада апелляциялық сот тыңдауы өтіп, коллегия шешім қабылдау үшін жиналыс бөлмесіне шығып кеткен еді.

Биылғы жылдың 3 қыркүйегінде Гуанчжоуда Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты сот отырысы өтті.
11 қыркүйек 2019 ж. 1 925 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930