» » Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінен ата-анасына хат жазды

Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінен ата-анасына хат жазды

ÐÒжаÑÒÑн ТұÑлÑбай

Есірткі тасымалы үшін Қытай түрмесінде отырған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбай ата-анасына хат жазды. Қорғаушы Сұңқар Нұрмағамбетов оның хатын көрсетті.

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Хатта Ақжарқын отбасын қатты сағынғанын жазған. Сонымен қатар анасынан өзі үшін уайымдамауын сұрайды. Біз бір отбасы болғандықтан, сіз денсаулығыңызды сақтауыңыз керек, дейді ол.
«Денсаулығым жақсы. Күнде спортпен айналысамын. Көп нәрсеге үйрендім. Кішкентай қыз есейді. Бұл мүлде басқа адамдар, басқа мәдениет, білім деңгейі де бөлек. Көп нәрсені түсіндім. Сіздердің фотосуреттеріңізді алдым. Бәрі қатты өзгеріп кеткен. Сіңлім өзгеріп, сұлу бола түсіпті. Ал інім ер жеткен», – деп жазды Ақжарқын туыстарына.
Сонымен қатар Ақжарқын Тұрлыбай отбасынан соңына дейін үміттеніп, өзін күтуін сұрады.
«Өтінемін, сабыр сақтап, күтіңіздер! Мен қазір өте мықтымын. Соңына дейін табандылық танытамын. Өтінемін, үміт үзбеңіздерші. Сіздер мені қашанда қолдап, менің берілуіме жол бермейтіндеріңізді білемін», – делінеді хатта.
Сондай-ақ, Ақжарқын темір тордың ар жағында отырып, өткен өміріндегі жақсы сәттерді жиі еске алатынын жазды.
«Ата-әжемнің көптеген әңгіме айтып беретінін еске аламын. Әр туған күнім, торттар, мейрамдардағы әр сыйлық, бәрі есімде. Сіздерге рақмет!» – деп жазады Ақжарқын.

ÐÒжаÑÒÑн ТұÑлÑбай ÒÑÑай ÑÒ¯ÑмеÑÑнен аÑа-анаÑÑна ÑÐ°Ñ Ð¶Ð°Ð·Ð´Ñ

Естеріңізге сала кетсек, Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу қаласының әуежайында есірткі контрабандасымен айналысты деген күдікпен ұсталған еді. 2015 жылы маусымда 21 жастағы қыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Кейін апелляциялық сот бұл шешімнің күшін жойған.
2016 жылы қарашада апелляциялық сот тыңдауы өтіп, коллегия шешім қабылдау үшін жиналыс бөлмесіне шығып кетті.
Ақжарқын Тұрлыбай әлі күнге дейін сот шешімін күтіп отыр.


Stan.kz



14 қараша 2018 ж. 909 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930