» » Ұмыт қалдырылған бала синдромы

Ұмыт қалдырылған бала синдромы





    Цельсий бойынша ауа температурасы 71,1 градусқа шыққанда не болатынын ойлап көрдіңіз бе: мұндай ыстықта жұмыртқа пісіруге болады, сальмонелла бактериясы жойылады, адам терісін үшінші дәрежеде күйік шалады т.б. Қарғаның миы қайнайтын күн астында тұрған машина салоны 71,1 градусқа көтерілуі үшін бір сағат уақыт қана жетеді екен. Енді осындай ыстық машинада қалып кеткен балаңыздың жағдайы қалай болатынын елестетіп көріңізші...
    Мұндай синдром кез-келген елде кездесіп жатады. Сондай оқиғалардың бірі АҚШ-тың Теннеси штатында орын алды. Әкесі ұмытып машина ішінде тастап кеткен бір жастағы қыз Катера Баркер аптап ыстыққа шыдай алмай қайтыс болады. Қызды тек қана 10 сағаттан кейін табады...
     Mэтт Бapкep үйінен таңертең сағат 7:30-да 1 жастағы қызы мен бес жастағы ұлын балабақшаға апару мақсатымен шығып кетеді. Басы түрлі жоспарларға толып кеткен Мэтт ұлын бақшаға қалдырады да артқы орындықтағы қызын ұмытып кетеді. Машинаны үйінің жанына тастап, өзі іссапармен ұшып кеткен... Кешке жұбайы Дженни Баркер балаларды алуға барады. Барса қызы жоқ... бірден 911-ге хабарласып нәтижесінде қызын машина ішінен сағат 17:45-те табады. Бірақ, бәрі кеш еді... "Dailу Mail"-дың хабарлауынша сол күні ауа температурасы көлеңкеде +З2-ні көрсеткен. Демек, машинада +50 болды деген сөз.
    АҚШ-та 2018 жылдың қаңтары мен мамыр аралығында осындай жағдайда 6 бала келеңсіздікке ұшыраған. Ал әр жылы орташа есеппен 37 бала машина ішінде қараусыз қалып гипертермиядан көз жұмады. Себебі баланың денесі 40 градустан асып кетсе қайта сууы қиын болады. Өкініштісі бұл "синдром" тек АҚШ-та ғана емес, бізде де болып жатады.
    Қай машина тез қызады? Аризона университеті мен Сан-Диего медицина мектебі бірлестігінде түрлі машиналарды тәжірибеден өткізіп көрген. Осы арқылы егер, 2 жастағы балақай машина ішінде қараусыз қалса не болатынын сынап көреді. Тәжірибешілер алты машинаны таңдап алған. Олар: үлкен күміс реңдегі бірдей екі седан, екі кіші өлшемді, екі орташа өлшемдегі минивэн. Үш күн бойы аптап ыстықта машиналар бірде күн астында, кейде көлеңкеде тұрады. Тәжірибе кезінде машиналар іші мен сыртындағы ауа температурасы мұқият тексерілген. Шыжғырған ыстықта тұрған машина салонындағы орташа ауа температурасы бір сағатта 47 градусқа шыққан. Бұл уақытта машина панелі - 69,4, басқару рөлі - 53, орындықтар 50,5 градусқа дейін қызған. Көлеңкеде тұрған көліктердің салонындағы орташа көрсеткіш бір сағатта Цельсий бойынша 38 градусқа дейін көтерілген. Ал машина панелі - 48, рөлі - 42, орындықтар 40,5-ке дейін қызып кеткен. Машиналардың қызу уақыты оның көлеміне байланысты. Үлкен болса баяу, кішірейген сайын тез қыза бастайды. Зерттеушілер бұл тәжрибеде 2 жасар бала моделін де пайдаланған. Егер дәл осындай жағдайда балаңыз машинада қалып кетсе, машина күн астында тұрса 1 сағатта, көлеңкеде болса 2 сағатта  оған күн өтіп денсаулығы елеулі түрде зиян шегеді. Ғалымдар "биылғы жаз айы тарихтағы ең ыстық маусым" деп дабыл қағуда.  Қызығы мен шыжығы мол өмірде, жұмыс деп жүріп бауыр етіңіз балаңызды машина ішінде қараусыз қалдырудан сақ болыңыз!!!

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/52491
14 қыркүйек 2019 ж. 411 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 771

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930