Шымкентте құтқарушылар кіржуғыш машинаға оралып қалған 3 жасар баланы аман алып шықты
Шымкентте құтқарушылар 3 жасар баланы аман алып қалды. Бүлдіршін кіржуғыш машинаға аяғымен маталып қалған.
Шымкент тұрғыны 2016 жылы туылған баланың екі аяғы кіржуғыш машинаға маталып қалғанын айтып құтқарушылардан көмек сұрады.
Ата-анасы баланы өздігінен машинадан шығарып ала алмады. Бұл туралы ІІМ ТЖД-ға сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
4 құтқарушыдан тұратын құтқару бөлімі оқиға орнына келді. Металды кесу үшін қайшыларды пайдаланып, олар кір жуғыш машинаның барабанынан баланың екі аяғын ажыратты. Баланың жағдайы қанағаттанарлық.
stan.kz