» » Қызылордада мамандар құбыр арасына қысылып қалған баланы құтқарды

Қызылордада мамандар құбыр арасына қысылып қалған баланы құтқарды



Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы мамандары Қызылорда қаласының Ақмешіт мөлтек ауданындағы жылу құбыры арасында қысылып қалған 10 жастағы баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 30 қыркүйек күні болған. Түстен кейінгі уақытта сол маңда достарымен ойнап жүрген жасөспірім сүрініп құлап, жылу магистралі құбырының ортасына қысылып қалған. «Достарының айтуы бойынша, ол кездейсоқ сүрініп, екі құбырдың арасына құлап түскен. Достары өз күштерімен оны шығара алмаған. Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына жедел жетті. Жағдайды анықтап арнайы гидравликалық авариялық-құтқару құралын пайдаланды. Осының нәтижесінде олар екі  жылу құбырдың арасын кеңейтіп баланы шығарып алды», - дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Айгүл Нұрманова. Қуаныштысы, бала жарақат алған жоқ. Оған медициналық көмек қажет болмады. Құтқарушылар оқушы баланы анасына тапсырды 



http://www.syrboyi.kz
01 қазан 2018 ж. 875 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930