» » Қызылордалық құтқарушылар 7 адамның өмірін аман алып қалды

Қызылордалық құтқарушылар 7 адамның өмірін аман алып қалды


Қызылордада баржамен Қамбаш көліне тынығуға шыққан тұрғындар жағаға жете алмай қалды. Желдің күші суға арналған арнайы құралды көлдің қауіпті аумағына қарай алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс жағдай туралы хабарлама түскен бойда құтқарушылар оқиға орнына жетті. Шұғыл әрекеттің нәтижесінде 7 адам құтқарылып, жағаға қайықпен жеткізілді.«Қауіпті жағдай Арал ауданына қарасты «Аққұмшық» жағажайында орын алды. Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ. Медициналық көмек қажет болмады. Осы ретте тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Баржа теңіздің өте терең тұсына кетіп қалған. Мамандардың жедел қимылдауының арқасында тынығушылар аман қалды», - деп мәлімдеді Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушысы Талғат Тұрсанов.
Айта кету керек, өткен аптаның ішінде Қызылорда облысында 3 адам суға кетіп, ажал құшты. Зардап шегушілердің барлығы рұқсат етілмеген аумақта шомылған.
10 шілде 2018 ж. 884 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 731

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930