Павлодарда Даниал Ахметовтың қарындасын ұрлап кетпек болды. Полиция оқиғаның үш нұсқасын атады
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың қарындасын ұрлап кетпек болды. Әйел сытылып шығып, қашып кете алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Время» газетіне сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Гүлфаз Аубанова қаланың орталығындағы үйінің маңында ұрлап кетпек болған. Оны ақ түсті көлікке күштеп отырғызбақ болыпты. Алайда әйел сытылып шығып, қашып кетіпті.
Полиция департаментіндегілер белгісіз біреулердің Ахметовтың туысын ұрламақ болғанын растады. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, оқиға 18 қыркүйекте таңертеңгі уақытта орын алған. бүгінде Қылмыстық кодекстің «Адам ұрлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция Гүлфаз Кенжетайқызына шабуылдағандарды іздестіріп жатыр.
Қылмыстық полициядағылар оқиғаның 3 нұсқасын қарастырып жатқандарын айтты. Олар – ақша босалау, тұрмыстық жанжал және қаржылық-шаруашылық қызмет.
Өңір басшысы Даниал Ахметов қарындасында бәрі дұрыс екеніне көз жеткізу үшін Павлодарға ұшып келген. Артынша ол Өскеменге қайтты.
Басылым мәліметінше, бұған дейін Гүлфаз Аубанова Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасында басшылық қызметте болған. Сонымен қатар ол Павлодардағы бірнеше медициналық мекемені құрған.
Сондай-ақ, басылымда өңірде Даниал Ахметовтың ұлының да кәсібі бар екені атап өтілген.
Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодарда 61 жастағы әйелді ұрламақ болғанын хабарлаған едік.