» » Заңдылықтың сақталуы – қауіпсіздік кепілі

Заңдылықтың сақталуы – қауіпсіздік кепілі


“Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын бекіту туралы” Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 04 шілдедегі №476 заңының 26 - бабында жолаушылар мен багажды так­симен тасымалдау қағидалары айқын­далған.
Аталаған заңның 13 бабының 23-8 тармағына сәйкес, Қазақстан Республи­ка­сының Инвестициялар және даму ми­нистрлігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы бекітілген.
Атап айтатын болсақ, қағиданың 212 - тармағына сәйкес “Такси тасымалдауды жүзеге асыру үшiн кемiнде төрт бүйір есiгi бар, сериялы шығарылатын жеңiл автомобильдер қолданылады.
Арнаулы басқаруы бар автокөлiк құралдарын такси тасымалдауы үшiн қолдану, соның iшiнде барлығы қолмен, сондай-ақ басқару рулi оң жақтағы рұқсат етiлмейдi.”
214 - тармағына сәйкес Жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды ұйым­дастыру кезінде таксимен тасы­малдаушы:
1) автокөлiк құралдарының рейс ал­дындағы техникалық тексеруден өтуiн, сон­дай-ақ медициналық қызметкердің такси жүргiзушiлерiн рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық куә­ландыруын;
2) ақпараттық-диспетчерлiк қызметтiң немесе ақпараттық-диспетчерлiк қызметтi көрсету жөнiндегi шарттың болуын;
3) таксидің ақауы болған жағдайда, оны уақытылы ауыс­тыруды;
4) әр отыз таксиге шаққанда арнайы қозғалыс құралдарын пайдаланатын, мүге­дектерді тасымалдау үшін бейімделген бір таксиден кем емес;
5) такси жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимдерін сақтауды;
6) сапар құжаттамаларын ресімдеуді қам­тамасыз етеді.
Таксидің ақпараттық-диспетчерлік қыз­меті немесе таксидің ақпараттық-диспет­черлік қызметімен шарт болмаған жағдайда, такси тасымалдаушысының қызмет көрсетуіне рұқсат етiлмейдi.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабы 1 тармағына сәйкес, тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру
Тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірісті (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.Такси төбесiнде орналасқан және 500 метрге дейiнгi қашықтықтан жақсы ажыратылатын айырым белгiлерімен жабдықталады. Айырым белгiде "Т" (такси) деген жазу және/немесе өзіне тән шашкалық белдеуi болуы және тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жарықтандырылуы тиiс.
Такси жарамды таксометрмен немесе кассалық-бақылау машинасымен жарақталады.
Таксидiң салонында жолаушылар көретіндей жерде жүргiзушiнiң фотосуретi бар, тегi, аты, әкесiнiң аты (егер болған жағдайда) көрсетiлген визит карточкасы, сондай-ақ:
1) тасымалдаушының ресми атауы, оның мекен-жайы және телефон нөмірі;
2) таксометр болған жағдайда 1 км дейінгі, сондай-ақ келесі аралықтағы жол жүру құны көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады.
Заң талаптарының орындалуы аудан көлемінде такси тасымалымен айналысып жүрген тұлғалардан байқалмайды.
Сол сияқты, 2014 жылғы 5 шіл­дедегі “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасының Кодексі 590-бабының 8-тармағында “Жолау­шыларды, багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлiк құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргiзушiнiң басқаруына рұқсат беру – шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады”, –деп атап көрсетілген.
Ауданда жолаушылар тасымалымен заңды түрде ай­на­лысатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне кедергілерін келтіріп жүрген заңсыз такси қызметін жүйеге келтіру мақсатында Жалағаш ауданы әкімінің 2019 жылғы 08 сәуірдегі №161 өкімімен құрылған. Аудан әкімі орынбасарының жетекшілігімен, Жалағаш кенті әкімі, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, «НұрОтан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы, аудандық жергілікті полиция, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қызметкерлерінен тұратын арнайы жұмысшы топ құрылды. Заңсыз такси тасымалдаушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, өрескел заң бұзушыларға айыппұл салынды.
Бүгінгі күні заң талаптарына сәйкес аудан елді мекендеріне және облыс орталығын аудан орталығымен байланыстыратын жолаушылар мен багажды такси көлігімен тасымалдау бағытында Жалағаш кентінде диспетчерлік пункт болып табылатын «Восхождение Б.Г.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз жұмысын 2013 жылдан бері бастап, осы саланы дамыту бағытында біршама жұмыстар атқарып келеді. Алайда, түрлі себептермен бүгінгі күнге дейін ақпараттық-диспетчерлік пункт арқылы таксимен тасымалдау қызметін жүзеге асыру бағытында такси тасымалдаушылардан қызығушылық танылмай, аталған саланың дамуына кері әсерін тигізуде. Бұл атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бағыттары ауданның салық базасын ұлғаюына ықпал ету, қауіпсіз жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамыуына үлес қосу болып табылады.
Әрбір такси тасымалдаушының міндетті түрде такси қызметімен айналысуға рұқсат беретін құжатының болуы және диспечерлік пунктке тіркелуі қажет.
Адамдар қауiпсiздiгiнiң, олардың өмiрi мен денсаулығын сақтаудың, табиғатты және мәдени құндылықтарды қорғау және жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әрбір жолаушы такси қызметін көрсетушілерге жоғарыда көрсетілген заң талаптарын орындауды талап етуге құқылы.
Алдағы уақытта диспетчерлік пункт арқылы жұмыс жүргізіп, аталған заң талаптарының орындалуын назарға алған абзал.

Жалағаш аудандық тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі ММ
24 қыркүйек 2019 ж. 400 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930