212 құқық бұзушылық анықталды Облыс әкімінің 2017-2018 жылдардағы арналған Қызылорда облысы бойынша автомобиль көлігімен жүктер мен жолаушыларды тасымалдауды дамытуына бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес, жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктер арасында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мен қоғамдық көліктердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айының 27-нен наурыз айының 1 күндері аралығында облыс аумағында ОІІД Жергілікті полиция қызметі, Әкімшілік полиция қызметі, Көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөліністерімен, Кірістер департаменті және қоғамдық бақылау өкілдерімен бірлесіп, «Автобус» профилактикалық іс-шарасының өткізілді.Іс-шара барысында көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, жоспардан тыс және жоспарланған тексеру жұмыстарын жүргізу үшін көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу, оның ішінде тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару, сондай-ақ рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығарып, белгіленген жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына жол берілген деректерді анықталды.Іс-шараның барысында автобус жүргізушілерімен барлығы 212 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-нің 590.9-бабымен (көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) мемлекеттік немесе міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген 15 автокөлік, ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабымен (көлік құралын тиісті құжатсыз басқару) 18 жүргізуші құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқару дерегі анықталып, автокөліктер айып алаңына қойылды.ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабымен 11 жүргізуші жылдамдықты асырып көлік басқарса, ҚР ӘҚБтК-нің 590.7-бабымен 3 жүргізуші тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған.ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабымен, яғни жаяу жүргіншіге жол беру қағидатын бұзғаны үшін 7 автобус жүргізушілеріне әкімшілік хаттама рәсімделіп, рейс алдындағы медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргізушінің басқаруына рұқсат беру бойынша -1 дерек анықталды. Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі Қоғам 05 наурыз 2018 ж. 1 056 0