QR-код кімнің қытығына тиді?

Бұл мәселеге орай «Қызылорда автобус паркі» ЖШС директорының орынбасары Қанат Рахметовке сауал жолдадық. Орынбасар бұл мәселенің бірнеше себебін ашып айтты.
– Рас, жыртылып қалғандарын байқадық. Кондукторлардың әрекетінен де болып жатады. Одан соң QR-код материалы ылғалға төзімсіз. Автобусты жуып, тазалаған сәтте өздігінен өшіп қалып жатады. Ал қасақана жыртқандар болса, өз қаражаты есебінен қайта жапсырады. Мұндай жағдайлар болды, – деді Қ.Рахметов.
Аян СПАНДИЯР.