» » "Мен саған итпін бе не?": Нұр-Сұлтанда лауазымды полицей қызметінен кетті

"Мен саған итпін бе не?": Нұр-Сұлтанда лауазымды полицей қызметінен кетті

ÐоÑожее изобÑажениеНұр-Сұлтанда Алматы ауданы Полиция басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Асауп қызметінен босатылды. Оның жұмыстан шеттетілуіне қол астындағылардың біріне дөрекі сөйлеген аудиожазбасы себеп болған деп жазады Zakon.kz.
Редакцияға даулы жазбаны белгісіз адам жіберген. Сипаттамасында оқиғаның 24 шілдеде болғаны жазылған.
Хат авторы басшының орынбасары кәсіби этиканы бұзып, қарамағындағыларға дөрекі сөйлегенін жазды.
Аудиожазбада полицейдің оның бұйрығын бұзған әріптесінің тәртібіне қатты наразы екендігі естіледі.
"Сен неге оларды таратып жібердің?! Неге менен сұрамайсың?! Мен саған итпін бе не?! Сен неге менің тапсырмамды түзетіп, оларды жібересің?", - деген сөздер естіледі.
Аудиожазбаның соңында басшының орынбасары бәріне дабыл қағу туралы шешім қабылдайды.
Оқиғаға қатысты ҚР ІІМ түсініктеме беріп, аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізілгенін, оның барысында Асауптың мемлекеттік қызметшілерге қатысты Этикалық кодексін бұзғаны анықталды.
Осыған сүйене отырып, полиция қызметкерін бастықтың орынбасары қызметінен босату туралы шешім қабылданды.
08 қазан 2019 ж. 468 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 770

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930