Оралда қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды: Анасы дәретханада босанып қалғанын айтты
Оралда жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әйелдің оқиғасы қазақстандықтардың жағасын ұстатқан еді. Бауыр етін өлімге қиған әйел анықталып, ұсталды. Әйелдің айтуынша, ол дәретханада босанып қалып, сәбиі өлі туылған.
Бұл туралы «Астана» арнасы хабарлайды.
Қоқыс жәшігінен өлі табылған шақалақтың анасының сөзінше, ол дәретханада босанып қалған. Ол сәбиінің өлі туылғанын айтады.
Шақалақтың өлі денесін жергілікті тұрғын тауып алып, бірден полиция шақырыпты. Анықталғандай, перзентін өлімге қиған әйелдің 4 баласы бар.
Қазіргі уақытта шақалақтың өлімінің себебі анықталуда.
«Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларының барысында Орал қаласының 1988 жылғы тұрғынын анықтап, тұтқындады. Оқиға орнынан спорттық сөмке, көрпе, екі пакет пен домофон мен пәтердің екі кілті тәркіленді. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу басталды», - дейді БҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Болатбек Белгібеков.
Еске сала кетсек, бұған дейін Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің денесі табылған еді.