Шетінеп кеткен: Қарағандыда қоқыс жәшігінен табылған шақалақтың анасы іздестірілуде
Қарағандыда жаңа туған нәрестенің анасы іздестіріліп жатыр. Ол шақалақтың мүрдесін қоқыс жәшігіне тастап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Қоқыс жәшігінен шақалақтың денесі кеше таңертең табылған. Оның сол жерде қанша уақыт жатқаны белгісіз. Шақалақтың денесін коммуналдық қызмет жұмысшылары қоқыс жәшігін тазалау кезінде тауыпты.
Оқиғаның қаланың шеткі аумағында орын алған. Сондықтан полиция жас босанған әйелдің жақын аудандардан іздестіруде.
Шақалақтың денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Оның өлімінің нақты себебін сараптама анықтайды.
«Ауладан шығып келе жатқанмын. Қарасам, полиция мен қоқыс жинайтын көліктер тұр. Бала тауып алдық дейді. Жақындап келіп қарасам, бала өліп қалған екен», - дейді қала тұрғыны Иван Осинов.