» » САЛТ-ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕГЕН СУРЕТШІ

САЛТ-ДӘСТҮРДІ ДӘРІПТЕГЕН СУРЕТШІ

Аудандық оқушылар үйінің “дизайнер негіздері” үйірмесінің жетекшісі Динара Тлеумбетова қолөнер туындыларымен көпті тамсандырып жүр. Оның қолынан шыққан қолөнер бұйымдары салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыпымызды насихаттап келеді.
Білікті маман, белгілі суретші Динара Тлеумбетова – Қорқыт ата атындағы ҚМУ жоғары колледжінің және «Болашақ» университетінің түлегі. Жастайынан кесте тоқып, сурет салуға машықтанған ол 2010 жылы оқушылар үйіне жұмысқа орналасып, қазір осындағы «Дизайнер негіздері» үйірмесінде оқушыларға дәріс береді.
– Үйірмеге келген балаларға бояу­мен сурет салудан бастап, кесте тоқудың барлық түрін үйретемін. Оқу­шыларым биыл республикалық «Қазақстан үміті» жас өнерпаздар байқауында жеңімпаз атанып, өзім «Үздік тәлімгер» дипломымен марапат­талдым. Бұған дейін де талай жарыстан жүлделі оралып келеміз, – дейді жас маман.
Суретшінің қолынан шыққан қағаз қалдықтарынан тоқылған қазақы қымыз ішуге арналған кесе, табақ, құмыра сияқты ыдыстар, кестемен салынған шыны бетіндегі суреттер, жалпы ұлттық туындылардың барлығы да көздің жауын алады. Әр бұйымның бетіне қағаздан ойылып ою жапсырылған. Динара бұл еңбектері үшін елеусіз қалып жатқан жоқ.
Былтыр Халықаралық білім беру академиясы инновациялық тех­но­­ло­­гияларды дамытуға қосқан үлесі үшін «Жыл үздігі» медалімен мара­паттады. Сонымен бірге «Жеті өнер» ІІІ Халықаралық балалар мен жастар шығармашылық фестиваль-конкурсынан оқушылары жеңімпаз атан­ғаны үшін «Құрмет» грамотасы­мен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығы байқауының жеңімпазын дайындағаны үшін «Алғыс хатпен», «Қолөнер – сырлы өнер» атты І Республикалық қолөнер шеберлерінің және облыстық «Үздік қолөнер шебері – 2013» номинациясымен марапатталды. Сондай-ақ «Үздік үйірме жетекшісі – 2017» облыстық байқауына қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Мұнымен қоса республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының, облыстық білім басқар­масының, «Жұлдыз балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» қоғамдық бір­лес­тігінің арнайы «Алғыс хатын» иеленді. «Ұстаздан шәкірт озар» де­мек­ші, оқушылары да халықаралық, рес­публикалық, облыстық қолөнер бай­­қауларына қатысып, жүлделі орын­дардан көрініп келеді.
«Ел іші – өнердің кеніші» дегендей Динара қолөнер туындылары арқылы ұлттық бұйымдарды, салт-дәстүрімізді насихаттап жүр. Жұмыстан қолы қалт еткенде қыз жасауын, бесік төсе­ніш­терін, үйге қажетті жабдықтарды оюмен безендіріп дайындайды. Он саусағынан өнер тамған таланттардың бірі – Динараны көп жұрт біле берме­генімен, өз саласының білгір маманы ретінде өңірге қызмет етіп, білгенін жастарға үйретіп жүр.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ

15 қазан 2019 ж. 648 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 770

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930